astana-view

Ұлттық палата ҚР ИДМ-мен бірге қазақстандықтарды қорғау шараларын әзірлеуі керек - Т. Құлыбаев

2014 жылғы 27 Қараша
2666 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер платасы төралқа басшысы Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Туристік сала комитетінің жұмыс жиналысы өтті. 

ҰКП баспасөз қызметінен хабарлағандай, елдегі туризмнің инфрақұрылымдық даму келешегі, соның ішінде индустриялық парк принципі бойынша дамыту ұсынылған туристік кластерлер талқыға салынды.

Бұл сала жоғары деңгейде дамыған елдер тәжірибесі бойынша туристік кластерлер мемлекеттік ынталандыру мен қолдау жасалған жағдайда жылдам және нәтижелі дами алады; алайда жеке меншік секторды тарту шоғырланған жұмысты қамтамасыз етеді және оның тиімділігін арттыра түседі. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелер де шешімін табатын болады.   

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың пайымынша, туристік кластерлер туристер арасындағы танымалдық, аумақты кешенді дамыту және өзге де факторлар есебімен құрылуы тиіс.  Осы тұрғыда Алматы және оның маңайы, ШҚО және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, «жаңа жұмыс орындары мен қосымша өндірістер құра отырып, Қазақстан үшін өмір жолына» айналатын, қалпына келтірілген Ұлы Жібек жолы мүмкіндігі мол жерлер болып қала береді.

Күн тәртібінде биылғы жазда «Гүлнар тур» компаниясы айналасындағы дау-дамайдан кейін анықталған жүйелік мәселелер де қозғалды. Туроператорлық қызмет шарттары, туроператорлар мен турагенттер жауапкершілігін бөлу, қаржылай кепілдікті енгізу, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру және т.б. жөнінде заңнамаға өзгертулер бойынша әзірленген ұсыныстар топтамасымен бірге, Ұлттық палата Төралқа басшысы ҰҚП Басқармасына өзекті мәселелерді көтеріп, бейінді министрлікпен бірлесе отырып олардың түйінін тарқатуды тапсырды.

«Ұлттық палата туризмге жауапты Инвестициялар және даму министрлігімен бірге Қазақстан туристері үшін алдын алу және қорғау шараларын әзірлеуі қажет», - деді Тимур Құлыбаев. 

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер