СЫР КӘСІПКЕРЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНАН 7448 КЕҢЕС АЛДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы 11 айда кеңес беруге жүгінген 4199 кәсіпкерге 7448 кеңес берді.
Соның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының «Бизнесті сервистік қолдау» бағыты аясында жылдық жоспар 2,6 есеге артығымен орындалып, 785 кәсіпкерге қызмет көрсетілді. Аталмыш қызметтердің жартысынан астамы (490) ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне көрсетілген.
Қызметтердің ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, заң қызметтері, сондай-ақ бизнес-жоспарлар жасау қызметі аса жоғары сұранысқа ие. Есепті мерзімде жалпы құны 1,7 млрд.теңгенің 75 бизнес-жоспар әзірленді.
Қазір Палата облыста жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға, соның ішінде үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен және картадан тыс жобалардың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізуде. Жобалар реестрі жүргізілуде.
Дерекнамасы: kyzylorda-news.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: