astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанында жас кәсіпкерлерге бизнес мектебі құрылмақ

2014 жылғы 24 Желтоқсан
2865 просмотров

Кәсіпкерлік мақсатта кредит алған кей жастар қарыздарын таксилеп тапқан табыстарымен жауып жүр. Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы осыны баяндап берді. Енді жаңа жылдан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанында бизнес мектебі құрылмақ. Осылайша палата жас кәсіпкерлерді қолдайды. Бұл туралы палатаның жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңесінің бірінші отырысында белгілі болды. 

29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар мен жоғарғы курс студенттері және жас кәсіпкерлер үшін арнайы дәрістер ұйымдастырылады. Оқу курсы үш айға созылады. Оны тамамдап шыққан жасқа өз кәсібін ашу мүмкіндігі тумақ. Кеңес отырысын ашқан палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов заңнамалық негізде жастар кәсіпкерлігі деген ұғымның жоқтығынан, статистикалық есеп жүргізілмейтінін айтты. Яғни жастар кәсіпкерлігі туралы нақты дерек жоқ. 

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы: 

Жастарды оқытып шығарған кезде, оған палата кепілдік болсын дегенді ұсынамын. Мұндай тәжірибе Түркияда бар. Қажет болса, нормативті тұрғыдан құжаттарды рәсімдеп, ол 2-3 млн теңгені мойына ала алатынына сенімді болуымыз керек. Жастарды іріктеп алып, оқытып, қалай жұмыс істеу керектігін көрсетіп, іс барысында қателікке бой алдырмауына да ықпалдасамыз. Басқа жол жоқ. Біз «Сыбаға», «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары бойынша несие беріп қойып, риза болып отырамыз. Ал ол ақшаны жас адам қалай қайтарады, соны ойлау керек. Ертең ол сома қайтарылмай қалуы мүмкін. Тіпті несиені қайтару үшін, сол жастар такси жүргізіп, көшеде ақша тауып жатыр, ондай жағдайлар бар. 

Дерекнамасы: Астана ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер