astana-view

Экономикаға зиян келтіретін тауарларға шектеу енгiзiлуi мүмкiн

2015 жылғы 14 Қаңтар
2837 просмотров

Қазақстан Республикасы мен отандық кәсiпорындар үшiн экономикалық тұрғыдан зиян келтіріп отырған тауарларға қатысты сауда шектеулерi енгiзiлуi мүмкiн. Яғни, бұл сырттан тауар әкелудi шектеу, импортқа тыйым салу, импортты лецензиялау секілді процестермен көрініс табады. Мұндай мәлімет бүгін Ұлттық кәсiпкерлер палатасының басқарма мүшелерiнiң қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды. 

- ЕАЭО туралы шарттың 29 бабы 6 тармағында көрсетiлген, экономикалық қауiпсiздiктi қамтамсыз ету негiзiнде тауарлардың жекелеген санатының айналымына шектеу қойылуы мүмкiн. Мемлекеттiк деңгейде қауiпсiздiк түсiнiгі, оның iшiнде "экономикалық қауiпсiздiк" түсiнгi "Ұлттық қауiпсiздiк туралы" ҚР Заңымен анықталған. Бұл ретте мемлекеттiң тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсiздiгi қамтамасыз етiледi. ҚР ҰКП аталған шараларды өңдеу индустриясында, машина жасау, тамақ өнеркәсәбiнде және тағы басқа салалар бойынша қолданады, - дейдi басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Сондай-ақ, ҰКП өңдеу секторының кәсiпорындарын: ең алдымен ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсәбiмен айналысатын кәсiпорындарды арнайы субсидиялауды жүзеге асыруды ұсынып отыр. Отандық экономиканың импортқа тәуелдiлiгiн төмендету үшiн қолданыстағы өнеркәсiптi дамытудың мемлекеттiк бағдарламалары аясында кешендi жоспарды енгiзуді маңызды деп санайды. 

Дерекнамасы: Baq.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер