ҰКП міндетті мүшелік жарнаны төмендетпек
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндетті мүшелік жарнаны төмендетпек ниетте.
Бұл туралы бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. Төраға бұл ретте арнайы жұмыс тобы құрылып, мәселе егжей-тегжейлі електен өткенін алға тартты.
Түйткілдің түйіні 27 қаңтарда өтетін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының екінші съезінде шешіледі деп жоспарлануда. Нақтырақ айтатын болсақ, 8 млн теңге міндетті төлем 30%, кейбір санаттағылар тіпті екі есеге арзандауы ықтимал.
Абылай Мырзахметов палатаның басты мақсаты бәсекелестікке дағдылана отыра, кәсіпкерлердің құқығын қорғау екендігін тағы бір мәрте еске салды. Мәселен былтыр палатаға 4500 жазбаша арыз-шағым түссе, 18 мың қоңырау шалынған екен.
«Ендігі меже - Еуразиялық экономикалық одақ аясында отандық экономиканың өрісін кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу», - дейді басқарма төрағасы.
Источник: 24kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: