astana-view

А. Мырзахметов ҰКП-ның 6 млрд. теңгесi қайда жұмсалғанын айтып бердi

2015 жылғы 14 Қаңтар
2251 просмотров

Ұлттық кәсiпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов палатаның мүшелiк жарнасы қайда жұмсалғанын айтып бердi. 

"Бiр жылда жиналған 6 млрд. теңге қайда жұмсалды. Бiрiншiден, бiз жоспарланған штаттың 40 пайызын жұмысқа алдық. Мұнда ешкiм ештеңе көбейткен жоқ. Орташа есеппен департаменттерде 5 адамнан ғана. Департаменттер көп, себебi қарастыратын салалар өте көп. Бiрақ қызметкерлер бесеуден алынды", - дейдi А. Мырзахметов бүгiн ұйымдастырылған арнайы брифингте. 

Оның сөзiне қарағанда, палатаға 24 мың арыз келген. Оның тек 10 мыңы меморгандардан түскен. 

"Жұмыс өте көп. Бiр қызметкерге 100 iстен келедi. Ол оны өңдеуi қажет. Бонустар, сыйақылар жоқ. Қызметтiк көлiк те жоқ. Өзiмнiң кабинетiме шақырайын, маған "Хабар" агенттiгiнен келген болатын, журналистер көпке дейiн түсiне алмады, менiң қабылдау бөлмемде отыр деп ойлаған, ал ол менiң кабинетiм едi", - дедi ол. 

Оның айтуынша, 6 млрд. теңгенiң 60 пайызы жалақы мен салыққа кетсе, 12 пайызы кеңсе жалдауға жұмсалған. 10-12 пайызы қарыз өтеуге, 2 пайызы - iс-сапарларға, 2 пайызы - кеңсе тауарларына, 5 - пайызы техника мен жиһаз сатып алуға кеткен. 

"Егер кәсiпкерлер шенеунiктерден олардың салықтары қайда жұмсалғанын сұрайтын болса, сол қызығырақ болар едi", - деп түйдi сөзiн ҰКП басқарма төрағасы. 

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер