Міндетті жарна көлемі көпшіліктің көңілінен шықпайды
Қазақстандық кәсіпкерлер болса әлемдік дағдарыс жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселесін талқылады. Өткен жылы Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 24 мың өтініш түскен.
Олардың 10 мыңы мемлекеттік органдардан келген. Бұл туралы бүгін журналистермен кездескен Ұлттық палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. Кәсіпкерлерден келетін шағымдар да жетерлік. Олардың көбі жер қатынастары мен сәулет саласының жұмысына байланысты. Бұдан бөлек мемлекеттік сатып алуларға қатысты да арыз азаймауда.
Кәсіпкерлер мүддесін қорғап отырған Ұлттық палата 27-ші қаңтарда Астанада бизнес өкілдерінің басын қосатын құрылтай өткізіп, осы және өзге де проблемаларды талқыламақ. Бүгінде міндетті жарна көлемі де, көпшіліктің көңілінен шықпайтын сыңайлы.
Абылай Мырзахметов, Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы
-Біз кәсіпкерлерге оның қиын болып отырғанын түсініп отырмыз. Бізге көктемнен бастап шағымдар, арыздар немесе ұсыныстар келіп түсе бастады. Сөйтіп Үкіметпен жұмыс жасап, қазір жыл басынан бастап, біз Заңды өзгерттік. Енді Заң бойынша ол төлейтін айналымның мөлшері, кім төлеу керек, кімді босатуға болады, мұның бәрі съездің құзырына өтті.
Дерекнамасы: Хабар
Пікір қалдыру:
Пікірлер: