astana-view

ҰКП міндетті мүшелік жарнаны төмендетпек

2015 жылғы 14 Қаңтар
2294 просмотров

Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымға кіру үшін міндетті мүшелік жарнаны төмендетпек ниетте.  Бұл туралы бүгін  арнайы баспасөз маслихатын өткізген Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының  басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. Төраға бұл ретте арнайы жұмыс тобы құрылып,  мәселе егжей-тегжейлі електен өткенін алға тартты. Түйіткілдің түйіні 27-ші  қаңтарда өтетін  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының екінші съезінде шешіледі деп жоспарлануда. Нақтырақ айтатын болсақ, 8 млн. теңге көлеміндегі міндетті  төлем 30 пайызға,  ал 300 мың теңге болатын төменгі шектегі баға, екі есеге арзандауы ықтимал. Абылай Мырзахметов палатаның басты мақсаты  бәсекелестікке дағдылана отыра  кәсіпкерлердің құқығын қорғау екендігін тағы бір мәрте еске салды. Мәселен былтыр палатаға 4 мың 500 жазбаша арыз-шағым түссе, 18 мың қоңырау шалынған екен. Ендігі меже Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында отандық экономиканың  өрісін кеңейтіп,  жаңа мүмкіндіктерге жол ашу дейді басқарма төрағасы.

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
- Біз өзіміздің отандық кәсіпкерлерді қорғау мәселесін ойлауымыз керек. Бізге болашақта жұмыс орны керек. Егер ол бәсекеге қатыса алмаса оның өндірісі тоқтайды. Бізге ақпараттар келіп жатыр.Палатының негізгі жұмысы сол. 

Дерекнамасы: Kazakh TV


Еншілес ұйымдар

Серіктестер