ҚР ҰКП-ның міндетті мүшелік жарналары төмендетілуі мүмкін - А.Мырзахметов
Астанада 27 қаңтарда өтетін ҚР ҰКП кезектен тыс Құрылтайы барысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелерiне салынатын жарнаның көлемiн азайту туралы шешім қабылданады деп күтілуде, деп мәлімдеді бүгiн брифингте ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.
«Иә, қазір қалыптасқан жағдайда жарналар төмендетілуі тиіс. Яғни, біз әдіс-тәсілдерді жариялаймыз. Біріншіден, саралау икемді, мөлшерлеме төмен болмақ. Құрылтайда уәкілдік болады, сондықтан кейбір делегаттар ішкі талқылаулар жүргізеді. мысалға, холдинг болса, құрылтай оның құрылымындағы компаниялардың жартысын төлемнен босата алады, яғни холдинг иесі компаниялардың жартысынан төлемдер төлейді», - деді А.Мырзахметов.
Сонымен, оның айтуынша, мүшелік жарнаның жоғарғы шегі 30%-ға, ал төменгі шек көлемі 2 есеге азаюы мүмкін.
«Бұл мәселе талқылануда. Қазір 8 млн теңге болатын жоғарғы шектер 30%-ға төмендеуі мүмкін. Төменгі шек - 300 мың теңге - шамамен 2 есеге азаюы мүмкін, бұл - қалыпты цифрлар», - деп нақтылады ҰКП басшысы.
Бұдан өзге, залалды компаниялар мүшелік жарна төлеуден босатылуы мүмкін.
«Критерийлер әзірленуде, солар бойынша шығынға ұшыраған, қиын жағдайдағы компаниялар жарналар төлеуден босатылуы мүмкін», - деп толықтырды А.Мырзахметов.
Бұдан өзге. ол әлеуметтік бағытталған, мысалға компанияда арнайы сұраныстары бар 50 адам жұмыс жасаған жайдайда кәсіпорындар жарна төлеуден босатылатынын түсіндірді.
Дерекнамасы: Primeminister.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: