astana-view

Бизнестің дамуындағы кедергілер жойылуда

2015 жылғы 16 Қаңтар
2454 просмотров

Биыл әрбір аудан орталығында кәсіпкерлер мектебі ашылмақ. Ол жерде жеке ісін ашуға ниет білдірушілер нақты жобалар бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгеретін болады. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нұржан  Әлтаев осылай деді. Сондай-ақ аудандарда кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын құру жоспарлануда.

Нұржан  ӘЛТАЕВ, ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Оның арқасында ауылдық кәсіпкерлер арнайы мамандардан бухгалтерлік, заңгерлерлік кеңес, бизнес жоспар құру, рұқсат қағаздары мен жер телімдерін рәсімдеу  бойынша нақты көмек алатын болады. Мәселен, өткен жылы  жер телімдерін бөлумен айналысатын органдардың жұмысына қатысты біраз шағым түскен. Сондықтан кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ауылдағы бизнесті көркейтемін деушілер үшін аса қажет деп ойлаймыз.

Қазіргі таңда елдегі бизнестің белсенділігі 6 пайызға артып отыр. «Бұл -кәсіпкерлерді тексеруге жарияланған мораторийдің нәтижесі», - дейді  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева. Мұнымен қоса, еңбек өнімділігі де біршама артқан.  Яғни мораторий кәсіпкерлердің үздіксіз тексеріссіз-ақ жұмыс істей алатындығын дәлелдеді дейді мамандар. Ал жоспарлы тексерістер болса,  шілде айынан бастап қайта жанданбақ. 

Дерекнамасы: Kazakh TV


Еншілес ұйымдар

Серіктестер