astana-view

Қызылорда облысында АӨК дамыту бойынша жол картасында 150 жобаны жүзеге асыру көзделген

2015 жылғы 19 Қаңтар
2439 просмотров

Аймақтың кәсіпкерлер палатасы мен облыстың ауылшаруашылығы басқармасы жасақтаған «2020 жылға дейін Қызылорда облысының АӨК дамыту картасы» Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысымен қабылданды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан хабарлағандай, аймақтың АӨК дамыту картасында «Агробизнес-2020» бағдарламасының және оны жүзеге асыру үшін қабылданған шеберлік жоспарлардың, «БЖК-2020», Жұмыспен қамту – 2020», ҮИИД МБ және жалпы аймақтың АӨК дамытудың өзгеде стратегиялық бағыттарының мақсаты мен міндеттері түзетілді.

Барлығы Карта бойынша 150 ірі және кішкентай жобаларды жүзеге асыру көзделген, олардың негізгі бөлігі мал шаруашылығын, мал азығы өндірісін, ауылшаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамыту шараларын жүзеге асыруға бағытталған. Болжам бойынша ЖӨӨ құрамындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі  2020 жылға қарай 5% құрайды», - делінген хабарламда.

Сонымен қатар, Картаның ерекшелігі оған Қызылорда қаласының халықаралық әуежайы мен «Батыс Еуропа мен Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысы енгізілген. Оны жүзеге асыру жолында «Қызылорда қаласында көліктік-логистикалық орталықты құру» көзделген.

Дерекнамасы: Strategy-2050

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер