ҚЫЗЫЛОРДАДА АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Қызылордада облыс әкімдігінің қауылысымен «Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту - 2020 Жол Картасы» қабылданды. Құжат авторлары облыстық кәсіпкерлер палатасы мен ауыл шаруашылығы басқармасы.
Жол картасында «Агробизнес - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы», «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму - 2» мемлекеттік бағдарламаларындағы мақсаттар мен міндеттерді жинақтай отырып, аймақтың кіші және орта бизнесін қолдау жолымен ауылшаруашылығы тауарөндірушілерін ынталандыру көзделген.
Карта аясында 2020 жылға дейін 150 ірі және шағын жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Аталмыш жобалар республикалық және жергілікті бюджеттен субсидиялау жолымен мемлекеттік қолдау, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Байқоңыр ӘКК» ҰК» АҚ, «Аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС және басқа да даму институттары арқылы лизинг беру, тікелей қаржыландыру, тауарлы несиелендіру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Нәтижесінде 2020 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 5 %-ды құрайды деп жоспарлануда.
Жол картасының маңызды ерекшелігі: халықаралық көлік-логистикалық жүйе құру үшін Қызылорда қаласындағы жаңа халықаралық әуежайдың және «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін кеңінен пайдалануға мүмкіндік туады. Аталмыш мақсатқа жету үшін «Қызылорда қаласында көлік-логистикалық орталығын құру» жобасын жүзеге асыру көзделуде.
Дерекнамасы: kyzylorda-news.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: