astana-view

Алматы қаласының кәсіпкерлер Палатасы жыл қорытындысын шығарды

2015 жылғы 20 Қаңтар
2757 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер Палатасы жыл қорытындысын шығарды. Өткен жылы аталған мекеме кәсіпкерлердің 323 мәселесін қарастырған. 

Нәтижесінде, шағын және орта бизнес өкілдеріне 520 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылыпты. Бұдан бөлек, былтыр шаһарымызда, төрт салалы кластер мен 16 кәсіби бағдарлы кабинеттер ашылған. Енді, кәсіпкерлер құқығын қорғау, биыл ұйымның басты мақсаты. 

«Біз қазір осы жылға арналған жоспар қатарын дайындаудамыз. 2015 жылға қойылған негізгі мақсат кәсіпкерлердің құқығын қоғау шараларын ұйымдастыру. Еске сала кетсек, еліміздің қаржы секторындағы, салықтық заңнамаларына биз­несті қолдау мақсатында өзгерістер енгізілген болатын. Яғни, ШОБ-ті 2015 жылға дейін тексеруге мораторий жарияланған еді. Енді, оның мерзімі аяқталды», - деді Алматы қаласы кәсіпкерлерінің Палатасы Аймақтық кеңес төрағасы Иван КРАВЧЕНКО. 

Бүгінде шағын және орта бизнес – ел экономикасының негізгі тірегіне айналып отыр. Ал шаһарымыздың кәсіпкерлер палатасы, бизнес өкілдері үшін индустриялды аймақ құруды ұсынбақ. Айта кетсек, мегаполисте 110 мыңнан астам орта және шағын бизнес субъектілері тіркелген. Сондай-ақ, қазір Алматы елдің бюджеттік түсімінің 30 пайызын қамта­масыз етеді.

Дерекнамасы: Алматы ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер