astana-view

ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ ҚР ҰКП-НЫҢ 2015 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕРІН БЕЛГІЛЕДІ

2015 жылғы 23 Қаңтар
2292 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы қаласындағы өңірлік кеңестің жұмыс отырысына қатысты. ҚР ҰКП 2014 жылғы атқарған қызметінің қорытындысы мен 2015 жылға арналған жұмыс жоспарлары негізгі талқыланған тақырып болды деп хабарлайдыпалатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Businessnews.kz.

ҰКП Төралқа Басшысы Ұлттық палатаның барлық өңірлік кеңестерінің алдында тұрған міндеттерді атап өтті. Олардың арасында – кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жер қатынастары, қала құрылысы саласындағы әкімшілік кедергілерді төмендету, мемлекеттік сатып алулар процедураларын оңтайландыру және жерглікті мазмұнды көтеру, мемлекеттік бағдарлама тиімділігіне талдау, тариф құрылуы, адами капиталды дамыту, өңірлік даму карталары, қаржы ресурстарының қолжетімділігі және сыртқы экономикалық қызмет.

«Мәселен, кадрларды даярлау мәселелері: мемлекеттік тапсырыс бар, мемлекет айтарлықтай қаражат бөледі, алайда тиімділік әзірше жеткіліксіз. Мұнда мемлекеттік органдармен жұмыс қалағанымыздай соншалықты жылдам жүрмейді, дегенмен қажет шараларды анық түсінеміз, көптеген нормативтік актілер бойынша өзгерістер енгізіліп те қойды. Кәсіптік бағдарланудан бастау қажет. Таяудағы жылдары техникалық кәсіптік білім беру ең көп талап етілетін салаға айналады. Бизнестің орта арнаулы оқу орындарын басқаруға алу, оқу бағдарламаларын жасауға қатысу мүмкіндігі бар. 2014 жылы түрлі салалардағы 10 ірі компания өз кәсіпорындары үшін тікелей мамандар даярлау үшін 11 КжТББ кәсіпорнымен ынтымақтастықты жөнге салды. Бұл жұмыс жалғаса береді», – деп баса айтты ҰКП Төралқа Төрағасы.

Тимур Құлыбаев өңірлік даму карталары жайлы айта келіп, индустриялық аймақтар құрудың және республикалық деңгейдегі жобаларды қолдаудың қажеттігін атап өтті.

«Ұлттық палата Қазақстанның даму Банкі тарапынан қаржыландыру, субсидиялар және мемлекеттік бағдарламаларда көзделген басқа да жеңілдіктерді алуда кәсіпкерлерге көмектесетін болады», – деп сендірді Тимур Құлыбаев.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы сонымен қатар қаржы ресурстарының қолжетімділігі тақырыбына тоқталып кетті. Тимур Құлыбаев сауалдардың үлкен көлемін атап өтіп, жақын арада ҚР Ұлттық Банкімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға ниетті екенін хабарлады. Бұл келісім кәсіпкерлер үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін көтеру бойынша жұмысты белсендіруге септеседі.

Мемлекеттік сатып алулар жүйесін дамыту және жергілікті мазмұнды көтеру маңызды міндет болып қала береді, оның аясында ҰКП Үкіметпен және «Самұрық-Қазына» Қорымен жұмыс жүргізуде. Мақсат – сатып алулар процесіне кәсіпкерлердің тең құқылы, әділ қол жеткізуін қамтамасыз ету.

«Премьер-Министр барлық органдарға, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ға сатып алулар ережесін ашығырақ әрі түсініктірек етіп жасауға тапсырма берді. Еуразиялық экономикалық одақ, болашақта ДСҰ-ға кіру жағдайында отандық өндірушіні қолдау механизмін пысықтай алуымыз үшін, бұл мәселеде кәсіпкерлермен кері байланыс қажет», – деді Тимур Құлыбаев.

Ол кәсіпкерліктің басты күштері шоғырланған мегаполистің ерекше ролін баса айтып, бизнесті қолдау үшін өңірлік кеңес, Кәсіпкерлер палатасы дирекциясы және Алматы әкімдігі арасындағы сұхбаттың маңыздылығын атап өтті.

«Әкімдік үшін кәсіпкерлік қоғамдастықтың пікіріне сүйену мүмкіндігінің болуы маңызды. Қала бизнес үшін ыңғайлы болуға тиіс – міне біздің міндетіміз. Алматы бизнес-климатты қалыптастыру тұрғысынан үлгі, көшбасшы болуға тиіс. Бұл үлгіні бұдан әрі басқа өңірлерге тарату үшін», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев өңірлік кеңес отырысын аяқтай келе, 2015 жылы өңірлік кеңестер мен дирекциялардың алдынға қойған міндеттерін орындау тиімділігін бағалау енгізілетінін хабарлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер