astana-view

ҰКП атауы «Атамекен» Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы деп өзгертілді

2015 жылғы 28 Қаңтар
6259 просмотров

Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) өз атауына «Атамекен» сөзін қосты, деп хабарлады ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев.

«Әрине, бизнес-қауымдастықты шоғырландыру жөніндегі, ұлттық палатаның 2014 жылы көрсеткен кәсіпкерлер құқығын қорғауды ұсыну жөніндегі орасан нәтижелер, ол біздің «Атамекен» ҰЭП-да болған жетістіктерге, сәттіліктерге негізденуіміздің де нәтижесі. Сондықтан ұлттық палатаның атауына толықтыру енгізу ұсынысы бар – Атамекен Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы», — деді Т. Құлыбаев сейсенбіде ҰКП съезінде.

Съез делегаттары аталған ұсынысты қолдады.

«Мен біздің әңгіменің басында «Атамекеннің» мемлекет басшысының бастамасы мен тапсырмасы бойынша құрылғанын және оның ұлттық кәсіпкерлер палатасы өсіп шыққан іргетас болғанын айттым. Біз өткен жылдың соңында ҰКП қызметінің нәтижелері бойынша мемлекет басшысына баян еткен едік», — деп атап өтті ол.

Бұрынырақ Қазақстан кәсіпкерлерін ерікті негізде «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы (ҰКП) біріктірген.

Дерекнамасы: Айғақ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер