astana-view

Біз негізгі позициялар бойынша импорт алмастыруды іске асыруымыз қажет - А. Мырзахметов

2014 жылғы 15 Ақпан
2798 просмотров

Бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов ШОБ пен кәсіпкерлікті қолдау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

«Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы жақында ғана Ұлттық банк іске асырған теңге бағамын өзгерті туралы тақырыпты қозғап өтті. Айта кету керек, бизнеске, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне жаңа өндірістер ашу арқылы қолдау көрсетілетін болады. Біз негізгі позициялар, әсіресе, өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп бойынша импорт алмастыруды іске асыруымыз қажет», - деді ол.

Сондай-ақ, А. Мырзахметов кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Президент 2014 және 2015-жылдары экономиканы кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлуді тапсырды.

«Үкімет пен Ұлттық банкке апта соңына дейін бұл қаржының кәсіпкерлерге дейін қалай жететіні, қандай жобалар қаржыландырылатыны жөнінде нақты тетіктер әзіреу тапсырылды. Бұл жұмысқа Ұлттық палата да белсене ат салысатын болады», - деп түйіндеді ол сөзін.

Дерекнамасы: ОКҚ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер