astana-view

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫНА 82 ҰСЫНЫС БЕРІЛДІ

2015 жылғы 30 Қаңтар
2748 просмотров

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жергілікті және республикалық мемлекеттік органдармен ұсынылған нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын тұрақты түрде қарап, талқылауда.

Мәселен, өткен жылы жергілікті атқарушы органдардан түскен 100 нормативтік-құқықтық актінің жобасы бойынша Кәсіпкерлер палатасы ұсыныстар мен толықтырулардан тұратын 45 эксперттік қорытынды берді. 

Мұнымен қоса, орталық мемлекеттік органдар әзірлеген 15 нормативтік-құқықтық акті бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсыныстар жолданып, нәтижесінде 3 жоба бойынша ұсыныс қолдау тапты.

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бастамасымен қазіргі қолданыстағы 22 заң бойынша ұсыныс беріліп, 6 нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерден түскен өтініштер бойынша проблемалық мәселелердің реестрін қалыптастырып, мәселе шешілгенге дейін тұрақты бақылауға алады.

Өткен жылы Палатамен 54 проблемалық мәселенің тізілімі қалыптастырылып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданды. Оның 14-і жергілікті, 40-ы республикалық деңгейдегі мәселелер. Нәтижесінде жергілікті 10, республикалық деңгейдегі 4 мәселе шешілді және республикалық деңгейдегі 25 мәселе бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тиісті түсіндірме беріліп, мәселелер оң шешімін тапты.

Дерекнамасы: kyzylorda-news.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер