astana-view

Қызылорда облысында «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін КҚО ашылды

2015 жылғы 12 Ақпан
2313 просмотров

Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданында «бір терезе» қағидасы аясында қызмет көрсететін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлады өңірлік КҚО.

«Біздің міндетіміз - кәсіпкерлердің, әсіресе аудандардағы және шағын қалалардағы кәсіпкерлер бір орталыққа барып, өзінің бизнесіне қатысты барлық мәселелер бойынша көмек алуына жағдай жасау. Бүгінде біз осындай кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарын ашу арқылы алға қойылған міндеттерді орындаудамыз.» , - деді ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, бұл орталық - еліміз бойынша ашылған үшінші кәсіпкерлерге кеңес беру мекемесі. Бұл жерде көрсетілетін қызмет түрлерінің барлығы да ақысыз. Сондықтан, өз бизнесін ашуға ниетті кез-келген тұрғынның мамандардан кеңес алуына да, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаражат көзін табуына да жол ашылып отыр.

Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығын ашудағы мақсат аудандық және облыстық деңгейде ісін жаңа бастаушы, сондай-ақ жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлер үшін қызмет түрлері жинақталған инфраструктура құру. Аудандардағы кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы және облыстағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары «бірыңғай терезе» арқылы бизнесті қолдауға бағытталған барлық мемлекеттік құралдармен қамтамасыз ету және сүйемелдеу бойынша аталмыш міндетті шешуші құралға айналды.

Айта кеткен жөн, өткен жылы Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету туралы келісімге келген болатын.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығында Кәсіпкерлер палатасының, «Қазагромаркетинг» АҚ-ның, «Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің мамандары мен консультанттары орналасқан.

Өткен жылы Кәсіпкерлер палатасының ықпалымен Алматы қаласында біліктілігін арттырған ол қазіргі уақытта ауылдың 2 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Тәжірибелі кәсіпкер алдағы уақытта өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.  

Орталық кәсіпкерлерге 20-дан астам қызмет түрлерін ұсынуда. Атап айтқанда: кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары бойынша кеңес беру, мемлекеттік және өзге де актілердің техникалық шарттарын алуда, қаржылай қаражаттарды алуда көмек көрсету және сүйемелдеу және т.б. 

Сондай-ақ, аталмыш Орталықта кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарды кәсіпкерліктің негіздеріне оқытатын «Бизнес мектеп» жұмыс жасайды.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер