astana-view

Қызылорда облысында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

2015 жылғы 14 Ақпан
3071 просмотров

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ауыл-аймақтарға да жетті.

Енді Қызылорда облысы Сырдария ауданының бизнес өкілдері бар шаруасын «бір терезеден» шеше алады. Ауыл кәсіпкерлері бұрынғыдай қалаға барып, рұқсатнама қағазының соңында сенделмейтін болды. Бұл – еліміз бойынша үшінші, ал аймақтағы аудан орталығынан ашылған алғашқы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы. Мұнда бизнестің әліппесінен бастап жоспар дайындау және оны қаржыландыру тетіктерінің бәрін егжей-тегжей түсіндіретін арнайы мамандар бар. Тіпті жер қатынастары, сәулет-құрылыс, заңгер мен салық саласының өкілдерін де осы жерден табасыз. Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев осы жылдың алғашқы тоқсанында еліміздің барлық аудандарынан кәсіпкерлерге қызмет көрсету мекемелері ашылатынын тілге тиек етті.

Нұржан Әлтаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

- Қазір көмекке мұқтаж болып жатқандар – ауылдық кәсіпкерлер. Қаладағы кәсіпкерлердің жағдайлары бар. Олар оқыған, қалада инфрақұрылымның бәрі бар. Ал енді ауылдық кәсіпкерлерге үлкен көмек керек. Сондықтан біз әр ауылда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашып отырмыз.

Источник: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер