«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді қолдайды
Еліміздің жетекші бизнес қауымдастығы - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.
Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:
Баршамыз қазір жаһандық экономика тұрақсыздығына куә болып отырмыз. Әлемдік экономика дамуының 2015-2016 жылдарға арналған болжамдарын жақсы деп айта алмаймыз. Президенттің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Нұрлы Жол» бағдарламасы - дағдарысқа қарсы шара. Соның арқасында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары құрылады. Шағын және орта бизнеске де қолдау бар. Сондықтан кезектен тыс президенттік сайлау өткізу идеясын толықтай қолдаймыз.
Дерекнамасы: Астана ТВ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: