astana-view

Оңтүстік Қазақстан облысында «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабының тұсаукесері өтті

2014 жылғы 20 Ақпан
2642 просмотров

ОҚО Кәсіпкерлер палатасында «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2013 жылдың желтоқсан айында ҮИИДБ енгізілген инвестициялық жобалардың тұсаукесеріне арналған телекөпірде Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты анықтама кітабын жасап шығаруды бұйырған. Президент өз сөзінде: «бұл кітап бүгінгі таңда еліміздегі еңбекқор азаматтарды тұрақты табыс көзімен және жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанда 500 мыңнан астам көпбалалы ана, 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар, 570 мыңға жуық студенттер мен 1,7 млн зейнет жасындағы отындастырымыз тұруда. Бұл кітап сол азаматтарға да өз ісімен айналысуға үлкен көмегін тигізеді...» - деді Н.Назарбаев. 

Кәсіпкерлер палатасында хабарлағандай, Қазақстанда алғашқы рет жарыққа шыққан «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабы кіші бизнеспен айналысуға септігін тигізетін және әрсалалы 100 шағын бизнес жоспарлар ретінде көрсетілген. Сонымен қатар кітапта кәсіпті бастауға қаржы табу көздері, мемлекеттік бағдарламалардың шарттары («Агробизнес-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы -2020», «Бизнестің жол картасы - 2020» т.б.), құрал жабдықтарды жеткізу мен қамтамассыз ету, бизнесті оқыту т.б. толыққанды ақпарат қамтылған.

Аталған кітаптың басты мақсаты облыс тұрғындарын, әсіресе ауылды аймақтарда, кәсіпкерлікке баулу мен үйрету болып табылады. Жобаларды іске асыру туралы ақпарат ОҚО Кәсіпкерлер палатасының облыстың аудандары мен қалаларында ашылған өкілдіктері мен бизнес мектептер, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы тарқатылатын болады. Жаңа жобалар «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламалары аясында және «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылады.   

«Өз кәсібіңді бастау - әрдайым көптеген сұрақтар мен мәселелерді шешуді талап етеді - дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Әлтаев. Басылымда кәсіпкерге алғашқы есептірін дұрыс жасауға жәрдем болатын нақты соңғы ақпарат көрсетілген. Сіздің кәсібіңіздің өрге домалауын қамтамассыз ету үшін, бизнес әлемінің басты мәселелерін айқындап оларды шешуге жол бағыттайтын, біз осы кітапты жаңа кәсіпкерлерге ұсынып отырмыз».   

Іс-шара соңында өз ісін жаңадан бастап жатқан  кәсіпкерлер аталған басылымның ігі іс болуына сенім білдіріп, ең бастысы кәсіпті бастамас алдын көптеген есеп-қисапты жүргізуге кететін уақыт үнемделетініне көз жеткізді. 

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер