astana-view

Өскеменде ҚР ҰКП басшыларының қатысуымен кәсіпкерлер кеңесінің жиыны болып өтті

2015 жылғы 19 Наурыз
2528 просмотров

Өскеменде облыс басшысы Даниал Ахметов, ҚР ҰКП Президиум Төрағасы Тимур Құлыбаев және ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтің, ҮИИДБ-1, ҮИИДБ-2 қатысушыларының бас қосуымен Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Жиынға қатысушылар индустриалияландыру картасы аясында жобалардың дамуы, қазақстандық тауар өнімдерінің айналымы, сондай-ақ, аймақтағы кәсіпкерлердің мәселелерін талқылады.

– ҮИИДБ біздің Шығыс Қазақстанда табысты орындалып келеді. Аталмыш бағдарлама аясында қолға алынған 76 жобаның 44-і жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта өңірімізде бірқатар пилотты инновациялық жобалар легі бар, – деді облыс әкімі.

Отырыс барысында сонымен қатар, облыс бойынша ҮИИДБ екінші бесжылдығында құны 470 млрд.теңгені құрайтын 32 жобаны жүзеге асыру жоспары аталып өтті. Бұл жобалар қатары 8,6 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы индустриалияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру үшін белсенді түрде бизнесті аталмыш бағдарламаға тарту маңыздылығына тоқталды.

– Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жергілікті басқару органдарымен біріге отырып, барлық өңірлерде Аймақтық картаны жасау бойынша жұмыс топтары құрылды. Картаны жүзеге асыру барысында жергілікті құрам мен отандық тауар өндірушілер үшін кепілдеме өтімін ескерген жөн. ҮИИДБ-2 үшін үлкен қаржы бөлініп отыр. Сондай-ақ, шетелдік серіктестер арқылы қосымша инвестиция тарту жұмыстары да зор маңызға ие, – деді Тимур Құлыбаев.

Дерекнамасы: Baq.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер