Кәсіпкерлердің бизнесіне кедергі келтірілмейді
Қаржы полицейлері мен облыстағы кәсіпкерлер палатасы енді бизнесмендердің құқығын қорғауға бірлесіп жұмыстанады. Екі тарап бүгін осындай өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Маңызды құжатта бизнестің дамуына кедергі келтірілмес үшін заңсыз тексерулер тоқтатылады деп көрсетілген. Керісінше, пайдалы кеңестер мен бірқатар іс-шаралар қарастырылмақ. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуы бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Мамандар осының барлығын үнемі бақылайтын арнайы жұмыс тобын құрған.
Жаңбырбай Досбаев – МО кәсіпкерлер палатасының директоры.
Негізінде салық комитеті жоспардан тыс тексерулер жүргізетін. Біз соны аңғардық. Бұдан-былай басқаша жұмыстануға бел буамыз. Яғни, кәсіпкерлердің бизнесіне ешкім кері әсерін тигізбеуі керек. Мақсатым осы.
Дерекнамасы: Қазақстан-Ақтау
Пікір қалдыру:
Пікірлер: