astana-view

«Атамекен» ҰКП-ның «Әрбір дауыс маңызды» ақпараттық кампаниясы жұмысын бастады

2015 жылғы 28 Наурыз
2385 просмотров

«Әрбір дауыс маңызды». Алдағы бір ай бойына барлық отандық өнімдер сауда орындарында осы маркамен сатылады.  Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы осындай ұранмен ақпараттық кампаниясын іске қосты. Олар тұрғындарды 26 сәуірде өтетін сайлауда белсенді болуға шақырады. Ұлттық палата басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың айтуынша, акция аясында Ұлттық палатаның эмблемасы мен кампания ұрандары жазылған 2 млн-ға жуық арнайы стикер шығарылған. Олар барлық отандық өнімдерге жапсырылатын болады. 

Нұржан Әлтаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары: 
Біздегі мәліметтер бойынша, елімізде 2 жарым мыңнан аса отандық өндіруші бар. Олардың әрқайсы өндіретін тауар санын тағы қосыңыз. Ол деген үлкен көлем. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ешқандай да саяси күш емес. Біз нақты бір кандидатқа дауыс бер деп үгіт-насихат жүргізбейміз. Тек қана ел азаматтарын 26 сәуірде сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге шақырамыз.

Дерекнамасы: Астана ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер