astana-view

Шағын бизнесті дамытуға арналған анықтама жарық көрді

2014 жылғы 22 Ақпан
3125 просмотров

Шымкентте «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты анықтамалық кітаптың  тұсауы кесілді. Елімізде алғаш рет жарыққа шыққан туындыда әр саланы қамтитын  100 шағын бизнес жоспарлары да жарияланған. 

Онда жеке азаматтың бастаған ісін  дөңгелетіп, қаржы көзін табу, өндіріске қажетті құрал-жабдықтармен қамту, бизнесті оқыту сияқты ақпараттар жан-жақты қамтылған. Мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді қандай жолмен алуға болатыны да түсіндірілген. Басылымда бизнес әлемінің басты қағидаттары айқын жазылған. Мамандар болашақта кітапты қазақ  тіліне аударып, таралымын 50 мың данаға дейін  жеткізуді көздеп отыр. Жаңа  жобалар «Бизнестің  жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламалары аясында қаржыландырылмақ. Кітапта көрсетілген жаңа жобаларды халыққа жеткізіп жүзеге асыру үшін аудан, қалалардан арнайы  бизнес мектептер ашу жоспарда бар.

Нұржан Әлтаев, ОҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:
-  Бизнес мектептің ішінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы отырады.  Өз ісін  бастаймын деген кәсіпкердің ИП ашу немесе салық жағынан көмектесу, заң  тұрғысынан консультация беру, ары қарай қаражатын алып беру, оның бәрі  кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мойнында болады.

Нұрлан Қабыштаев, Кәсіпкер:
- Мамандар бұл жерде шетелдің тәжірибесіне қараған. Шет елде қандай бизнестер бар бізде жоқ. Жаңа бизнес түрлерін ашып, соны идея ретінде осы анықтамаға салған. Мен мұның, әсіресе, жастарға көп пайдасы тиеді деп ойлаймын. 

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер