Чехия бизнесмендері Қазақстандағы жаңа жобаларға қатысуға ниетті
Астананың кәсіпкерлер палатасы мен Чехия ортаазиялық сауда палатасының ұйымдастыурымен екі ел кәсіпкерлерінің кездесуі өтті.
Чехиялық делегацияның басшысы, сауда палатасының президенті Иржи Неставалдың сөзіне қарағанда, Қазақстанға жасалған бұл сапар инвестициялық ахуалды тереңірек зерттеуге негізделіп отыр.
Сонымен қатар, ол чехиялық бизнесмендер Қазақстандағы құрылысқа, инфрақұрылымды дамыту мен жаңғыртуға, оның ішінде соңғы буынды еуропалық технологиялардың трансфертіне қатысуды жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.
Айта кетейік, Чехия делегациясының құрамында өнеркәсіптік инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, көлік және энергетика салаларының компаниялары қамтылған.
Дерекнамасы: Казинформ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: