astana-view

Петропавлдық кәсіпкерлер де «Әркімнің дауысы маңызды» акциясына қосылды

2015 жылғы 07 Сәуір
2451 просмотров

Бұл шара Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізілуде. Мақсаты тұрғындарды Президент сайлауына шақыру. Әзірге акцияға қатысуға Солтүстік Қазақстан облысының 6 тауар өндіруші мекемесі ниет білдірген. Сәуірдің 26-на дейін олардың саны 60-тан асады деп күтілуде.

Акцияның басты шарты тауар шығарушы фирма өз өніміне «Әркімнің дауысы маңызды»   стикерін бекітуі тиіс. Бұл мақсатта Ұлттық  кәсіпкерлер палатасынан біздің  өңірге  40 мың осындай  белгі жіберілді.  

Акция Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасымен жүзеге асып отыр. Қазірдің өзінде игі іске қатысуға Қазақстанның 60 кәсіпорны ниет білдірді. Біздің өңірден әзірге - 6 тауар өндіруші. 

Айта кеткен жөн, акцияны қолдап отырған серіктестік «Әркімнің дауысы маңызды» стикері бар тауарды Қазақстанның 7 қаласына саудалайды. Бұл өз кезегінде өтіп жатқан шараның маңыздылығын айқындауда.

Дерекнамасы: рetropavltv.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер