astana-view

Кәсіпкерлерге электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесіне қосылудағы кедергілер азаяды

2014 жылғы 24 Ақпан
3008 просмотров

ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті мен Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы 2014 жылға кәсіпкерлерді орғау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

«Аталмыш меморандумның мақсаты – кәсіпкерлердің энергия жеткізуші ұйымдармен энергиямен жабдықтауда техникалық талап алғанда өзара әрекеттестік жүйесін жетілдіру, оның ішінде кәсіпкерлік нысандарын энергия жеткізуші ұйымдардың қызметкерлері тарапынан өз өкілеттігін асыра пайдалануынан қорғау да кіреді», - делінген хабарламада.

Комитет Мемлекет басшысының бизнес жүргізуге кедергілерді жою туралы тапсырмасын орындау барысында соңғы жылдары жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. 

«Үкімет қаулысымен электр қуатын пайдаланудың ережесі өзгертілді: оның ішінде технологиялық талаптар бойынша рұқсат беруде процедуралар азайтылды және меншік иесі ауысқанда немесе электр қондырғы пайдаланудың техникалық талаптары ауысқанда техникалық талап алу қажеттілігі алынып тасталды. Ереже электрмен қамтамасыз ету жүйесіне қосылуда техникалық талап құжаттарын қысқа мерзім ішінде беруді реттейді. Осындай өзгеріс барлық шағын және орта бизнес кәсіпорындарын толық қамтиды», - деді ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Несіпкүл Бертісбаев. 

Меморандум аясында тараптар ынтымақтастықты жалғастырып оған мемлекеттік органдар және кәсіпкерлер өкілдерін тартуды көздеп отыр.

Дерекнамасы: BNews.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер