Павлодарда Кәсіпкерлер палатасы салықшылармен меморандумға қол қойды
Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы салық департаментімен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Меморандум аясында өңір кәсіпкерлері мен салық қызметі қызметкерлерінің бірқатар бағыттар бойынша бірлескен жұмыс жасауы қарастырылған. Халықтың салық органдарына сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мақсатында салықық тәртіпті күшейтуге баса назар аударылмақ. Осыған орай, салықтық заңнаманы, оның ішінде бизнес үшін проблема болып табылатын салықтық процедуралардың қатарын қысқарту мәселелерін жетілдіруді бірге талқылау жоспарланған», - деп көрсетілген хабарламада.
«Бүгінгі таңда Кәсіпкерлер палатасының мәртебесі мен маңыздылығы артуда. Палатаға басты міндет жүктеліп отыр. Сіздерді отандық бизнесті дамытуда қолдауға дайынбыз», - деді Павлодар облысы бойынша салық департаментінің басшысы Ертөле Төлегенов.
«Палатаға кәсіпкерлерден салық органдарының жұмысына қатысты өтініштер мен ұсыныстар келіп түсуде. Бірлескен жұмыс барысында біз оларды мұқият қарастырып, талқылайтын боламыз. Орта және шағын бизнесті дамыту – біздің ортақ міндетіміз», - деп атап өтті облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Райхангүл Сатабаева.
Дерекнамасы: Bnews.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: