astana-view

Кәсіпкердің құқығын қорғау мәселесі

2014 жылғы 25 Ақпан
2529 просмотров

Кәсіпкердің құқығы қаншалықты ескерілді?

Оларды кім қорғайды? «Атамекен» ұлттық палатасы жанынан құрылған кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі осы сұрақтарды басшылыққа алады. Бүгін кеңес мүшелері төртінші мәрте бас қосып, үш кездесудің жұмысын қорытындылады. Аз ғана уақыт аралығында әділдік іздеген 4 кәсіпкердің құқығы қорғалған. Жиналғандар әр кәсіпкердің жолына тосқауыл болған кедергілерді тыңғылықты талқылап, жергілікті билікке ескерту жасады. Себебі тиісті жер телімін беруі тиіс әкімдіктер өз міндеттерін дұрыс орындамай келген. Кәсіпкерлердің дені осыдан зардап шеккен. Сондай-ақ кездесуде бизнесті тексеру азайғаны да айтылды.

Есмұхан Құрманғазин, Ақтөбе облысы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы:

- Бұрын тексерістер жиі болатын еді. Қазір кәсіпкерлер прокуратурамен меморандумға қол қойлғаннан бері кәсіпкерлерді заңсыз тексеру азайып келе жатыр. Бұрыңғыдай емес, өз жоспарлы тексерулері болады. Заңсыз тексеру әлде де бар, бірақ мұндай көп емес.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер