astana-view

«Әркімнің дауысы маңызды» акциясы өтуде

2015 жылғы 19 Сәуір
2563 просмотров

«Апрель» компаниясы акцияны қолдауға, алдағы сайлауға дауыс беруге шақырды.

«Әркімнің дауысы маңызды». Осылай ат қойылып, айдар тағылған акцияға кәсіпкерлер де қолдау көрсетіп келеді. Игі шараға «Апрель» серіктестігі қосылды. Енді олар өз тауарларына арнайы эмблема жабыстырып нарыққа шығармақ.

Кәсіпорын дәмді тоқаштар мен тәтті нан өнімдерімен қоса, шұжық өнімдерін шығарады. 15 жылдан аса тауар өндіріп келе жатқан мекеме ұжымы бұл акция халықтың бірлігін айшықтайтын бастама екенін айтады.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Әркімнің дауысы маңызды» акциясын 27-ші наурызда жариялаған болатын.

Ольга Буракова, «Апрель» ЖШС ет цехының басшысы:

«Апрель» компаниясы «Әркімнің дауысы маңызды» акциясын ерекше қолдайды. Сондықтан, осы шараға біз толыққанды атсалысамыз. Біз  еліміздің болашағына бей-жай қарай алмаймыз. Жерлестерімізді акцияны қолдауға, алдағы болатын сайлауға қатысуға шақырамын.

Дерекнамасы: Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер