astana-view

ҚР ҰКП «Ерлікке тағзым» республикалық әлеуметтік акциясын қолға алды

2015 жылғы 17 Сәуір
2103 просмотров

Ерлікке тағзым. Осындай атаумен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы республикалық әлеуметтік жобаны қолға алды. Оның шеңберінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне түрлі әлеуметтік көмек түрлері көрсетілуде. Жұма күні елордалық ардагерлер жергілікті диагностикалық емханада болып, ақысыз медициналық тексеруден өтті. Қарт майдангерлерге мұндай көмек еліміздің барлық өңірінде көрсетілмек. Олар емханада тіркеуге тұрып, зертханалық тексеру жасатып, электрондық жүйе бойынша барлық ем-дом  қызметтеріне жазыла алады. Ұлы Отан соғысында от кешкен жандарға осындай қамқорлық көрсету тұрақты сипатқа ие болмақ. Республика бойынша 15-сәуірде бастау алған әлеуметтік жоба шеңберінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ардагерлерден өтініштер қабылдауда. 

Дерекнамасы: kazakh-tv.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер