«ALMEX - Baiterek Fund» тікелей инвестициялар қоры құрылды
Елімізде ауыл шаруашылығы кешені және тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында тікелей инвестициялық қор құрылды. Оның көлемі 18,6 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл жайында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлімдеді.
Қор - ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі және АЛМЭКС холдингінің қатысуымен ашылды. Бүгін тараптар тиісті меморандумға қол қойды. Палата өкілдерінің дерегінше, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қордан 15 миллион долларға дейін қаржы бөлінуі мүмкін. Бірақ қаржы маңызды жобаларға беріледі. Ал салынған инвестициялар - қордың бұл жобаға қатысуы тоқтағаннан кейін қайтарылады. Осылайша, қордан қаржы алу банк шарттарымен салыстырғанда кәсіпкерлер үшін анағұрлым тиімді болмақ.
Нұржан Әлтаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:
Осындай қор құру ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен жүзеге асуда. Төраға өңірлердегі кәсіпкерлермен кездескен еді. Олар қордаланған проблемаларын жайып салды. Орта және шағын бизнестегі дамуға ұзақ мерзімді қаржыландырудың жоқтығы қолбайлау екені белгілі болды.
Дерекнамасы: Астана ТВ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: