astana-view

ҰКП онлайн-жобасына бизнес проблемалары жөнінде 1600 хат келіп түсті

2014 жылғы 26 Ақпан
2884 просмотров

ҚР ҰКП баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ай ішінде «Кәсіпкерлерді қолдау үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырған ұсыныстар мен проблемалар тізілімі» онлайн-жобасына 1634 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Ұсыныстар мен проблемалар тізілімі» - бұл кәсіпкерлердің проблемалары жинастырылып, жүйеленетін бөлім. Одан кейін жүйелік кемшіліктер palata.kz Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңартылған сайтының негізінде әрекет ететін проблемалар тізіліміне интегралданады», - делінген ақпаратта.

Әрбір бизнесмен кәсіпкерлік тәжірибесінде кездестірген қиындықтары туралы ақпарат орналастыра алады.

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер