А.Мырзахметов: ҰКП ҚР Президенті жанындағы ұлттық жаңғырту комиссиясына белсенді қатысуға дайын
Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде жаңғырту бойынша ұлттық комиссияға белсенді қатысуға дайынбыз. Ол экономиканың әртараптандырылуына қатысады, деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.
ҰКП басшысы Мемлекет басшысының ұлықтау салтанаты рәсімінде айтқан міндеттеріне назар салды.
«Президент 100 қадам туралы айтты, ҰКП ретінде біз экономиканы әртараптандыруға бағытталған бұл комиссияға белсенді атсалысуға дайынбыз, нақты жоспарлар бар, біз аймақтарды араладық, сондықтан қандай мәселелер кедергі болып отырғандығын білеміз және біз аталған комиссия құрамында жұмыс істеп, Мемлекет басшысы алдыға қойып отырған мәселелерді шешуге дайынбыз», - деді ол.
Бүгін Тәуелсіздік сарайында Елбасы Н.Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы 2015 жылғы 26 сәуірде өтті. Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беруге 9 090 920 адам немесе сайлаушылардың 95,21 пайызы қатысқан. Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 8 833 250 даусына ие болды, бұл - дауыс беру рәсіміне қатысқан сайлаушылар даусының 97,75 пайызы.
Дерекнамасы: Strategy-2050
Пікір қалдыру:
Пікірлер: