astana-view

Еуразиялық экономикалық одақтың тарнс шекаралық аумағында антимонополиялық реттеу мәселелері бойынша отырыс өтті

2015 жылғы 20 Мамыр
12138 просмотров

2015 жылғы 20 мамырда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан кейін – ҰКП) алаңында Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық аумағында антимонополиялық реттеу мәселелері бойынша отырыс өтті. Отырысқа Еуразиялық экономикалық комиссиясының бәсеклестік және антимонополияны реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Нұрлан Алдабергенов, ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, сондай-ақ Қазақстанның бизнес қауымдастығының, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

2015 жылғы 1 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт заңды күшіне енгеннен бастап, мемлекетшілік антимонополия органы құрылған болатын. Аталған Органның құзырына трансшекаралық нарықта бәсекелестіктің ортақ қағидаларының сақталуын қадағалау, зерттеулер жүргізу және антимонополиялық реттеудің басқа да шараларын қолдану, оның ішінде қағидаларды бұзушыларға айыппұлдар салу құқығы берілген.    

Сондай-ақ Минск қаласында ЕАЭО туралы шартының және ЕАЭО органдарының шешімдерінің орындалуы бойынша туындаған дауларды қарастыратын  ЕАЭО соты өз жұмысын бастады.

ЕЭК тарнсшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларының сақталуы бойынша бақылауды жүргізу үшін барлық қажетті нормативтік база қабылданған. Сондай-ақ 2015 жылғы 12 мамырда Бәсекелестіктің ортақ қағидаларын сақталуын бақылау бойынша ЕЭК құзырын жүзеге асыру барысында құпия ақпаратты және жауапкершілікті қорғау және жарияламау туралы келісім күшіне енді. 

 Бәсекелестік қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық антимонополиялық органдары мен Комиссия арасындағы құзыреттерді белгілеу, сондай-ақ өтініштерді қарастыру рәсімдері, жосықсыз бәсекелестік туралы істерді қарау және тергеулер жүргізу  мәселелері, ЕАЭО трансшекаралық нарығында басымдық жағдайды пайдалану туралы және бәсекеге қарсы келісімдер туралы  түсіндірілді.

Осымен қоса, отырысқа қатысушылар ЕАЭО трансшекаралық нарығының қазіргі жағдайын және түйіткілді мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймақтарында 20 миллионға жуық адам тұрады. Көп жағдайда осы аймақтарда роуминг ұялы байланысының қызметінің қымбаттылығы мәселесі туындауда. Қазақстандық абонент елде ұялы байланысқа 1 минутына 7 теңге төлесе, Ресей шекарасынан асқаннан кейін осы қызмет түріне 20 есе қымбат, яғни 150 теңге төлейді. Осындай жағдай белорусстық және ресейлік абоненттерде де қалыптасуда.

ЕЭК жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, үш елдің тұтынушылары роуминг  тарифтерінен халықаралық байланыс қызметінің тарифтерінің деңгейіне дейін төмендеуінен  5,5 млрд теңге, оның ішінде қазақстандық абонент – 2,2 млрд теңге үнемдейді. Сарапшылардың бағалауынша, ұялы байланыс операторы табыстарының роумингте тарифтердің төмендеуінен трафиктерінің өсімі шамамен 79 млрд теңгені, оның ішінде қазақстан операторы үшін – 24 млрд теңгені құрауы мүмкін.

Еуроодақ тәжірибесі бойынша, 2007 жылы роумингте тарифті 10 есеге төмендеткен Еуроодақ тәжірибесі бойынша, ЕАЭО роумигте байланыс қызметін халықаралық байланыс қызметі тарифі деңгейіне дейін төмендетуді бастау қажет.

«Эйр Астана» және «Трансаэро» бәсекелес әуе компанияларының Мәскеу-Астана бағыт бойынша билет құны 50-60 мың теңгені құраса, ал Мәскеу-Қарағанды бағытында  «Трансаэро» компаниясы «Аэрофлот» әуе компаниясымен бәсекелестікте, осы бағытта әуе билеті 22-25 мың теңгені құрайды. Тұтынушылар тарифтегі мұндай айырмашылықтың себебін түсіне алмауда.

«ЕЭК тұрақты түрде  ЕАЭО ішіндегі әуе және теміржол тарифтерін, роумингтегі ұялы байланыс тарифтерін бақылап отырады. Егер Комиссия әуе тасымалдаушылар немесе ұялы байланыс операторлары ЕАЭО аумағында жоғары баға белгілеген жағдайды анықтаған жағдайда, мемлекетшілік антимонополиялық орган бәсекелестік қағидаларының бұзылуы фактілері бойынша тергеу жүргізіп, бұзушылықтарды тоқтату және оның салдарларының алдын алу туралы тиісті шешімдер қабылдап,   айыппұлдар тағайындайды. Халықаралық тәжірибеде Еуропалық комиссия антимонополия заңнамасын бұзғаны үшін трансұлттық ірі компанияларға миллиондаған сомада айыппұлдар белгілейді»,- деп атап өтті Нұрлан Алдабергенов.

Трансшекаралық нарықта бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзғаны үшін Еуразиялық экономикалық комиссиясы заңды тұлғаларға келесі айыппұлдарды салады: жосықсыз бәсекелестік үшін 3,7 млн теңгеге дейін, Еуразиялық экономикалық комиссиясының сұрауы бойынша қажетті мәліметтерді уақытылы  ұсынбаған жағдайда немесе жалған мәліметтерді ұсынған жағдайда; құқық бұзушылық жүргізілген нарықта    тауарды таратудан түскен табыстан 15% сомаға дейін, бәсекелестікті шектейтін шаруашылық субъектілерінің (нарық субъектілері) келісімі үшін, Одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық нарығындашаруашылық субъектілері басымдық жағдайды пайдаланғаны үшін; 17,1 млн теңге экономикалық қызметті үйлестіру үшін. Сонымен қатар, аталған бұзушылықтар үшін 37 мың теңгеден 555 мың теңгеге дейін лауазымдық тұлғаларға айыппұл қарастырылған.

 Синтетикалық жуғыш заттарды шығару нарығында Қазақстанның отандық өнімдері кір жуу ұнтақтарын шамамен 6 % сұранысын өзі өндірсе, ал 70 % Ресейден әкелінеді, ал қалған бөлігі басқа елдерден жеткізіледі. Мұндай жағдайларда ЕАЭО трансшекаралық аумағында аумақтық принципі және басқа да антимонополиялық бұзушылықтар бойынша  нарықты  бөлу, жоғары бағаны белгілеу және оны ұстап тұру бойынша картельдік келісімдердің қажеттілігі туындауы мүмкін.  Мысалға алар болсақ, Еуропалық одақта 2002-2005 жылдары жуғыш ұнтақтарын шығаратын Procter & Gamble (P&G), Unilever и Henkel ірі кәсіпорындарының арасында баға келісімі жасалып, тек Еуропалық комиссияның көмегімен, 300 млн. евродан астам айыппұл салу арқылы тоқтатылған болатын. 

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар ресми дилерлер мен тәуелсіз жеткізушілерде импортталатын тауарлардың бағасында айырмашылық бар екенін атап өтті.

Мысалы, Қазақстанда танымал Тойота «Камри 40» автомобиль маркасының отын фильтірі Алматыдағы ресми дилерде 22 мың теңгеден тұрса, тәуелсіз жеткізушілерде – 12 мың теңгеден тұрады.

«Катерпиллар» маркасының арнайы техникасының С-27 10R7244 қозғалтқышы Ресейде 55 мың АҚШ долларынан арзан, ал қазақстандық тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары ресейлік дилерлерден қозғалтқышты Қазақстанда сервистік қызмет көрсету қызметімен сатып алу ммүкіндігін иелене алмауда. Осындай жағдай John Deer «W540» комбайндарына қатысты да қалыптасуда, бұл комбайндар Қазақстанда Ресейден 20 мың евроға дейін қымбат тұрады, ал Греманиядағы бағадан 35 мың евроға дейін қымбат. 

Қазақстанда жекелеген дәрі-дәрмектердің бағасында Франция, Канада, Ұлыбритания, Испания және басқа да әлемдік елдердегі бағадан 2 немесе оданда бірнеше есе айырмашылықтар бар. Мысалы, сүйек ауларын емдейтін емдеу «Фосаванс» Қазақстанда 65 АҚШ доллардан тұрады, ал Ұлыбританияда 32 АҚШ доллар тұрады.

Бағадағы мұндай ауытқушылықтар көлік шығындары және басқа да қажетті шығындардың сомасымен анықталуы мүмкін емес.

ЕЭК өкілдерінің пікірі бойынша: «нарықтардың саралау саясаты және шетелдік ірі құқық иеленушілер тарапынан дистрибьюторлар арасында бәсекелестікті шектеу Қазақстан үшін тиімді болып табылатын, 2012 жылға дейін қолданыста болған тауар белгілеріне құқықтың аяқталуы халықаралық принциптеріне қайта келу мүмкіндігін береді».

Отырысқа қатысушылар ЕАЭОда антимонополиялық реттеу және бәсекелестік саясатының мақсаты мен міндеттерін түсіндіру, ЕАЭО туралы шарт нормалары, бәсекелестік қағидалары мен оларды бұзудың салдарлары туралы,  тұрақты түрде жұмыс қажет деп таныды. Сондай-ақ Қазақстан бизнесінің және ЕЭК бәсекелестік және антимонополиялық реттеу мәселелері бойынша тұрақты әрекеттестігін нығайту қажет екендігін атады.

Бұл ретте Бәсекелестік және антимонополиялық реттеу жөніндегі Алқасының  мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының Төрағасы Абылай Мырзахметов Өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.

Аталған Меморандум негізінде құрылатын ҰКП пен ЕЭК арасындағы ортақ жұмыс тобы күмәнді бәсекенің, антибәсекелестік келісімдердің фактілерін анықтап, оларды ЕЭК қарауына жолдап, тиісті шешімдерге қол жеткізіп, екіжақты Келісім талаптарына сәйкес шара қолданылып отырмақ.

ЕЭО-тың трансшекаралық нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлерге қатысты бәсекелестік жөніндегі жалпыға бірдей ережелердің бұзылуы фактілері туралы төмендегі телефондар мен ЕЭК жауапты қызметкерлерінің электронды пошталарына жолдауға болады:

Бәсекелестік пен антимонополиялық реттеу жөніндегі алқасы мүшесі (министр) хатшылығы, тел: 8(495) 669-24-00. қосымша 5457;

«Атамекен» ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс департаменті: +7 (7172) 91 93 67, pr@palata.kz  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер