astana-view

Бірігу – дағдарысқа қарсы әрекет

2015 жылғы 22 Мамыр
8025 просмотров

Президент VIII Астана Экономикалық форумында сөз алып, көптеген елдердің әлі күнге дейін экономикалық тоқырау кезеңінен шыға алмай отырғанын атады. Мемлекет басшысы 2008 жылы басталған жаһандық дағдарысты «жүйелік, ациклді, және де оның басты себебі – ең алдымен валюта және сауда нарықтарында жиналып қалған терең теңгерімсіздіктер жойылғанда аяқталады, деп есептейтін экономистер пікірін келтірді.

«Олар көпшілік «турбуленттілік» деп қабылдайтын құбылыстың негізінде жаһандық дағдарыстың келесі сатысы туындауының жасырын, латентті түрі болып табылады деп санайды. Және де ол қаржы саласынан әлемнің көптеген елдерін сілкінткен әлеуметтік-саяси соғыстар және заңсыз ықпалшаралар түріндегі «валюта соғыстары», «экономикалық соғыстар» саласына көшіп барады. Ал Таяу Шығыстағы – Сирия, Ауғанстан, Ливиядағы дағдарыстық ахуал – бұл да соның салдары. Батыс пен Шығыстың, АҚШ пен НАТО-ның Ресей мен Қытайға қарсы қарсылығының үдей түсуін тудыратын да сол. Ал егер жақын арада біз айтып отырған жаһандық дағдарыс латентті фазасынан гипердағдарыс түріндегі ашық фазаға көшсе не болады? Бұл сауалдың жауабын экономика ғылымы, әлемдік ғылыми ой бере алар еді. Дәл осы үшін де халықаралық форумдар ұйымдастырамыз, соның ішінде біздің Астана экономикалық форумын. Өткен дағдарыста ғалымдар да, саясаткерлер де қапы қалды дегеніміз есімізде. Оның ешкім де болжаған жоқ. Енді мұның болашақта болмауын ойластыруға болады. Және де біз әлемдік ғылыми ой өкілдерімен бірге елдеріміз бен халықтарымызды алдағы ықтимал апаттан аман алып қалу жолдарын табуға міндеттіміз», - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дей тұрғанмен, ел Президентінің өз шешімі бар. Ол мұны Еуразия құрлығының экономикалық интеграциясынан көріп отыр.

«Біріккен Еуразиялық Экономикалық кеңістік құруды ұсынамын», - деп мәлімдеді VIII Астана экономикалық форумында Қазақстан Республикасының Президенті.

«Барлық қатысушылардың ұлттық мүдделерін ескеретін бірыңғай ереже қабылдағанымыз маңызды… Ереже, ең алдымен, сауда, ресурстарды тасымалдау және олардың қозғалысына қатысты болуға тиіс», - деп есептейді Нұрсұлтан Назарбаев. – «Біріккен Еуразиялық Экономикалық кеңістік аясында тұрақты әрекет ететін сұхбат алаңын құру қажет. Осы алаңда құрлықты дамыту, ұйым мүшелері арасындағы интеграция деңгейін көтеру жөніндегі ұсыныстар дайындалатын болады. Астана экономикалық форумы осындай алаң болуы мүмкін», - деп ұсынды Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразияның көліктік әлеуетін сөз ете келіп, Еуразиялық трансконтиненталдық көлік дәлізін құрудың лайықтылығын мәлімдеді.

«Жаңа жоғары жылдамдықты мультимодальды көлік бағыты – Еуразиялық трансконтиненталдық дәліз құруды ұсынамын. Ол еліміздің күллі аумағын басып өтіп, Азиядан Еуропаға және кері бағытта жүк транзитін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл мұхит арқылы өтетін бағыттан анағұрлым қысқарақ», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы аталмыш жобаның трасса аумағын басып өтетін барлық мемлекеттер мүддесінде іске асырылатынын, халықтарды жақындастыруға және тиімді қауіпсіздік жүйесін құруға мүмкіндік беретінін баса көрсетті.

 

«Көлік күре жолы барлық елдерде өндірістің дамуына серпін береді. Құрметті форумға қатысушылар! Көлік саласындағы бірлескен бастамалар ынтымақтастық үшін жақсы тұғырнама болып табылады», - деген сенімде Нұрсұлтан Назарбаев.

Еуразияның болашағын қамтамасыз ететін де осы көлік коммуникациялары. Бүгінгі таңда Қазақстанның көп бөлігі құрлықпен өтетін жеке көлік күре жолдарын құру жөнінен белсенді жұмыс жүргізуі кездейсоқ емес. «Алдағы үш жылдың өзінде жаңа жолдар, электр желілері, коммуникациялар құрылысына 14 миллиардтан астам доллар бөлмекшіміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, инфрақұрылымға салынатын инвестиция, даму дәрежесіне қарамастан, көптеген елдердің экономикалық күн тәртібінің басында тұр. Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне үлкен үміт артылуда. Ол құрылып та қойды, және де 50-ден астам ел аталмыш банк қызметіне қатысуға ниет білдіріп отыр.

Ол сонымен бірге бұрыннан келе жатқан теңіз сауда бағыттарының халықаралық саудадағы өсіп келе жатқан қажеттілікті қанағаттандыра алмайтынын атады.

«Бүгінгі күннің өзінде Қытай Халық Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 600 миллиардқа жуық долларды құрайды, ал 2020 жылға қарайғы болжам бойынша бұл сан 800 миллиард долларға дейін өседі», - деп көрсетті Президент. – «Сондықтан да өсіп келе жатқан Азия үшін жалпы құрлықтағы бағыттың дамуы үлкен маңызға ие. Және де осы тұстан үлкен мүмкіндіктерді байқап отырмыз…  Біз үшін осында Астанада алғаш жария етілген ҚХР көшбасшысының «Жібек жолының Экономикалық белдеуі» бастамасы ерекше маңыздылыққа ие. Аталмыш бастаманы алғашқылардың бірі болдып қолдадық. Біздің бірінші жоба «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль магистралінің қазақстандық телімінің құрылысы болып табылады. Оның жалпы ұзақтығы - 8 мың шақырым, шамамен 3 шақырым Қазақстан арқылы өтеді. Және де бұл бөлік биыл аяқталады», - деп қосты Нұрсұлтан Назарбаев.

Еуропа, Ресей, Орталық және (Қытай арқылы) Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін байланыстыратын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралінің қазақстандық телімінде жүк айналымының көлемі жылына 30 млн. тоннаны құрайды деп күтілуде. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер