astana-view

Таңдау жасау оңай болмады

2015 жылғы 20 Тамыз
10145 просмотров

Қазақстанның Президенті үкімет алдында дағдарысқа қарсы тұрудың қандай нұсқалары болғанын айтты

Дәл қазір Ақордада Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бизнес өкілдерімен кездесуі өтіп жатыр.

Мемлекет басшысы отырысты аша отырып, «қазірдің өзінде бюджет жағдайының нашарлағанын көріп отырғанымызды, 2015 жылы бюджетке түспей қалатын табыстың 264 млрд теңге мөлшерінде бағаланатынын» атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев бұл түсімдерді «құрылыс істері мен мемлекеттік бағдарламаларға» жұмсау жоспарланғанын айта кетті.

«Сондықтан да, бұрын айтып өткенімдей, әлеуметтіктен басқа ықтимал шығыстарды қысқартуға мәжбүр болдық», - деп атады Елбасы.

Мемлекет басшысы теңге бағамын еркін белгілеуге көшіру жайлы тақырыпқа түсінік бере отырып, үкіметтің әлемдік және отандық экономикадағы жағдайдың нашарлауына қарсы тұруының үш нұсқасы болғанын атады. «Біріншісі – ештеңе істемей, теңге бағамын ұстап тұру және жағдайдың жақсарғанын күту. Алайда мұндай саясаттың өтемі елдегі өндірісті қысқарту, жұмыс орындарынан айрылу және алтын-валюта қорын түгесу болар еді», - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев екінші ықтимал нұсқа ретінде  «валюта дәлізі шегінде теңге бағамын біртіндеп әлсіретуді» атады. «Сыртқы нарықтардағы нашар әрі белгісіз ахуал жағдайында мұндай нұсқа да алтын-валюта қорының көп шығындалуын қажет етеді де, бұл да барлық кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілетсіздігіне әкеледі», - деп атады ол.

«Сондықтан, бар мүмкіндіктердің бәрін есептей келе, мейлінше дұрысы теңгенің еркін айналыс бағамын енгізу және инфляциялық таргеттеуге көшу болмақ. Ол туралы бұрын да айтқан едім», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Мұның мәжбүрлі шара екенін тура айту керек. Бүгінгі таңда басқа балама болмады», - деп баса көрсетті Мемлекет басшысы. 

Қазақстан Президенті «үкімет пен Ұлттық банк шешімі экспорттаушылардың, «Атамекен» ҰКП, еліміздегі шағын және орта бизнестің өтініші бойынша» қабылданғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы тақырыпты өрбіте отырып, бәсекеге қабілеттілікті қалпына келтіре отырып, «кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтап қала алатынымызды, миллиондаған адамның өз орнында қалып, жұмысын жалғастыра алатынын» айтып өтті.

«Экспорттаушы кәсіпорындардағы жағдайдың жақсаруы жұмысшылардың еңбекақы деңгейіне де әсер етуге тиіс. Бюджетке түсімнің де көбейеріне сенемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев түйіндей келе «келешекте ахуалдың жақсаруын күтеміз, бұл дағдарысты еңсеруге, экономика өсімін әрі қарай қамтамасыз етіп, Қазақстан экономикасының рецессиясын болдырмауға мүмкіндік беретінін» мәлімдеді.

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер