astana-view

Бизнеске арналған бағдар

2015 жылғы 28 Мамыр
8501 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері қатысуымен Өңірлерді дамыту картасын дайындау жөніндегі республикалық жұмыс тобының кеңейтілген жиналысы өтті.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов атап өткендей, «мамандануды айқындау, басымдылықтарды белгілеу аса маңызды».

«Өңірлерге жасалған сапар және ҮИИДМБ бірінші кезеңін жүзеге асыру, өкінішке орай, өңірлердің басқа облыстарда қандай жобалар жүзеге асырылып жатқанын білмейтінін көрсетті. Еліміз біреу, ал салааралық теңгерім, немесе, бұрынғыша, өндірістік қуаттылықтар орналасуы жоқтың қасы. Мәселен, Қостанайда цемент зауыты ашылу сатысында жатыр, ал жанында, 300-400 шақырым жерде, Ақмола облысында осыған ұқсас тағы екі кәсіпорын әрекет етеді. Өңірлердің өзінде импорт пен экспорт теңгерімі жоқ, осының салдарынан қандай да бір өнімнің тапшылығы қайдан байқалатыны, қай бағытта даму керектігі және т.б. түсінік те жоқ», - деп атады Абылай Мырзахметов. Оның айтуынша, елімізде көбінесе бір бағдарламаның қорытындысы шығарылмай жатып, жаңасын бастап кетеді де, осының нәтижесінде олар неге жұмыс жасамады және кім кінәлі деген орынды сауалдар туындайды.

ҰКП басшысы әр өңірдің бәрін өзі шығару міндетті емес екенін, өңіраралық ұстанымның маңыздылығын баса көрсетті. Оның айтуынша, кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін құру қажет, бұл қандай да бір жобалардың дамуы бойынша қандай да бір өңірде толық көрініс алуға мүмкіндік береді. Алайда, өкінішке орай, мұндай статистика жоқ, бұл да аталмыш мәселеде нақты бағдар жасап шығуға бөгет жасайды. Абылай Мырзахметов айтып өткендей, бұл жағдайда Түркия тәжірибесінен аларымыз бар.

«Ол жақта қаржыға қолжетімділік ашық, индустриялық аймақтарды жаппай дамытуға мүмкіндік берілген, ал жергілікті биліктің инвесторлар тарту мақсатында артықшылықтар беруіне мүмкіндік беріп, белгілі бір автономия берілген», - деді ҰКП басшысы.

Абылай Мырзахметов ӨКП және әкімдіктер өкілдерін талқылауға шақыра отырып, олардың түйткілдер, кездесетін кедергілер жайлы ашық айтуын өтінді, себебі өңірлік жобаларды дамытудағы қиыншылықтар олардың өздеріне ғана белгілі. Оның сөзінше, өңірлерде өндірістер көбінесе салтанатты түрде ашылады да, кейін жұмыс жасамай қалады.

Оның үстіне, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғани Ісқалиев атап өткендей, «әрбір өңір, нарықтық жағдаятымен санаспастан, ерекше бірдеңе істеуге тырысады, салаішілік және өңіраралық кооперация жоқ». Ол сонымен бірге әкімдіктің Өңірлерді дамыту картасын дайындауға және жүзеге асыруға қажет көмек көрсетуге дайын екенін баса көрсетті. 

ҰКП экономика департаментінің директоры Ерлан Хасенбеков Өңірлерді дамыту картасының әрбір өңірде кәсіпкерлікті, олардың ресурстық, экономикалық мүкіндіктерін, бәсекелестік артықшылықтарын дамыту әлеуетіне сипаттама екенін түсіндіріп өтті.  Оның айтуынша, ҰКП жанында талдамалық орталық құрылып, ол Картаны қалыптастыру және дайындау бойынша талдау жүргізумен айналысады. Экономика департментінің басшысы сонымен бірге ӨКП-ның негізгі ақпарат көзі болып табылатынын баса айтты, себебі өңірлердің қатысуынсыз, олардың болып жатқан процестерді түсінуінсіз аталмыш құжатты дайындау мүмкін емес.

Аталып өткендей, қазір Өңірлерді даму картасын дайындау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Әрбір өңірде Өңірлердің даму картасын дайындау бойынша жұмыс топтары құрылып қойған, олардың құрамына жергілікті атқару органдарының өкілдері (Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, энергетика басқармалары және т.б.) кіріпті. Аталмыш жұмыс топтарын ӨКП директордары мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жетекшілік жасайтын әкімдер орынбасарлары бар.

«КИРИ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Ыдырысов айтып кетендей, Өңірлердің даму картасы тиімділігі мақсатында, ең алдымен, өңірдің ішкі ресурстарын зерттеу қажет.

«Біз өңірлерге сауалнама тараттық, ол қай өңірге қандай өнім қажет екенін айқындауға мүмкіндік береді.  Яғни өңірлерді дамыту төлқұжаты жасалады да, онда нарықтық сұраныс, ресурстық қамсыздандырылуға қарай перспективалы бағыттар мен тауашалы жобалар (өңірде өндірілуге тиіс тауар тобы) айқындалады, оның үстіне бұл жерде шикізат қана емес адами капитал жайлы айтылып отыр», - деді Марат Ыдырысов.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов баса көрсеткендей, Өңірлердің даму картасы бизнеске бағдар беруге, тауаша бар жерді, қаражат салатын бағытты, қандай жағдай жасалғанын, инфрақұрылымға шығар жолдың болуын көрсетуге тиіс. Құжатты шетелдік инвесторлар қолдана алуы үшін, ол электронды форматта, ағылшын тілінде шығарылуға тиіс. ҰКП басшысы сондай-ақ ең алдымен қолда бар статистикалық деректерді жүйеге келтіріп, техникалық тапсырманы анық жазу керектігін айта кетті. Яғни өңірлердегілер Өңірлерді дамыту картасының қандай дүние екенін білуге тиіс, мерзімдерді айқындап, уәкілеттіктерді шектеу қажет.

Абылай Мырзахметов жиналысты қорытындылай отырып, ӨКП, әкімдік өкілдерін Өңірлердің даму картасы жобасын талқылауға белсендірек қосылуға, өз ұсыныстарын, ескертулерін енгізуге шақырды.

Құжат биылғы жылдың желтоқсан айында ҚР Президентіне таныстырылатынын атап өтеміз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер