astana-view

Металлургтер назар аударуды сұрайды

2015 жылғы 01 Шілде
10414 просмотров

«Атамекен» сарапшылары тау-кен металлургия кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуді алға тартады

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті отырысында тау-кен металлургия саласының өкілдері өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуына қанағаттанбайтындықтарын жеткізді.

Отырыс Басқарма Төрағасының орынбасары Мейрамкүл Дүзбаева, ҰКП Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің Төрағасы Николай Радостовец, салалық қоғамдастықтар қатысуымен өтті.

ҰКП Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті Хатшылығының Басшысы Марлен Сихаев «Қаңтар айында өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау шаралары жөніндегі іс-шаралар жоспары» аясында қабылданған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру туралы қысқаша баяндамамен сөз алды. Жоспарды осы жылдың қаңтар айында ҚР Үкіметі қабылдағанын еске саламыз. Ол өндіруші және металлургиялықты қосқанда ірі өнеркәсіптік компанияларды мемлекеттік қолдаудың жүйелік және нүктелік шаралары кешенін (шикізат базасын қамтамасыз ету, ҚҚС қайтару, тарифтік-бейтарифтік реттеу және басқалары) көздейді.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұрақты негізде жергілікті жерлерде кәсіпорындарда сауалнама жүргізу жолымен Жоспардың орындалуына мониторинг жүргізеді. Бұл оның орындалуының біршама объективті көрінісін береді. Жоспардың «Өнеркәсіп» бөлімі металлургия саласының 32 іс-шарасынан тұрады. Оның ішінде 21 – қара металлургия саласында және 11 – түсті металлургия. 2015 жылғы 16 маусымдағы ахуалы бойынша жоспарланған 32 іс-шараның 22-сі орындалған. 10 – орындау сатысында жатыр», - деп хабарлады бейіндік хатшылық басшысы.

Жоспардағы маңызды элементтердің бірі экспорттаушы компанияларға магистралдық темір жол торабы қызметтеріне уақытша төмендетуші коэффициенттерді (УТК) ұсыну болуға тиіс еді. Алайда, Марлен Сихаевтың айтуынша, тау-кен металлургия кәсіпорындары осы жеңілдіктің толық көлімде алынбағанына, өтінімдерді қарау мерзімінің созылып кеткеніне, оларды ұсыну процесіндегі шамадан тыс төрешілдікке наразылық білдіруде.

«Жоспар аясында келіп түскен өтінімдердің барлығы «жалпы негіздерде» коэффициент алудың стандартты процедурасынан өтеді. Мұны Жоспардың «нақты нормативтік-құқықтық актімен бекітілмеуімен» дәйектейді, сәйкесінше, Ұлттық экономика министрлігінің аталмыш шараларды ұсынуға кепілдікті қамтамасыз ету үшін негіздемесі жоқ», - деп түсіндірді Марлен Сихаев.

Сонымен қатар, хатшылық басшысы атап өткендей, ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті осы жылдың сәуір айында Инвестициялар және даму министрлігіне бекітілген Жоспарға қосу үшін нақты кәсіпорындардың нақты түйткілдерін көрсетумен хат жолдаған еді. Алайда министрлік бұл ұсыныстарды «мақсатқа сай емес» деп тапқан. Дей тұрғанмен, әлі де мүмкіндіктер бар.

«Қазір ИДМ өзектендіру және 2015 жылға арналған Іс-шаралар жоспарына қосымша қолдау шараларын қосу жұмыстарын жүргізуде, және де бұл мәселе Комитетіміздің қарауына шығарылуда», - деп атады Марлен Сихаев.

ҰКП Тау-кен және металлургия комитетінің Төрағасы Николай Радостовец темір жолшылармен бірлесе отырып «Магистральды темір жол торабы және темір жол жолдарының реттелетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендетуші коэффициенттерді бекіту ережесін» дайындап жатқаны жайлы ақпарат берді.

«ҚИДИ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Ыдырысов Қазақстан республикасында өндіру үшін басымдылықты Металургия өнімдері тізбесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жайлы хабарлады (мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін дәл осы тізбе негіздеме болмақшы). ҰКП өкілдері бұл ақпаратты ризалықпен қабылдады. Ал нұсқаулық ретінде ҚИДИ-ге Тізбедегі әрбір нақты өнім түріне көңіл аудара отырып әлеуетті шетелдік инвесторлар тізімін жолдауды ұсынды.

ҰКП пікірінше, бірқатар отандық кәсіпорындарда қолда бар өндірістік қуаттылықтар базасында Тізбедегі өнімді шығаруды жөнге салудың әлеуетті мүмкіндігі баршылық. Бірақ олар кепілдендірілген ұзақ мерзімдік тапсырыспен қамтамасыз етілген жағдайда. Жаңа өндірістерді құру бұрыннан келе жатқан кәсіпорындарды жүктеу қажеттілігін ескерумен жүзеге асырылуға тиіс.

Тізбедегі өнімдерді шығару жөніндегі жобаларды жүзеге асыру ұлтаралық компаниялардың, сонымен қатар Ресейдегі жетекші кәсіпорындар инвестицияларын тартумен мүмкін болады. Үшінші елдерден келетін тауарлар импортының орнын ауыстыру, қосылған құн тізбегін дамыту және өнеркәсіптік кешендерді үдемелі технологиялық дамыту Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өнеркәсіптік ынтымақтастығының негізгі бағыттарымен көзделгендігін ескерсек, бұл ерекше өзекті.

ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің мүшесі Владимир Дворецкий «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілері одағы» Қауымдастығы «Қазвторчермет» АҚ-мен бірге Қайталама металлургияны дамыту жөніндегі бағдарлама жобасын дайындағанын хабарлады. Еліміздің аумағында қосылған құны жоғары дайын өнімді өндірістерін құру басымдылық алады.

ҰКП ТМӨ комитетінің Төрағасы Николай Радостовец «Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану туралы» Кодекс тұжырымдамасының жобасы жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Өндірістік геологиялық ұйымдар қауымдастығының президенті Галина Баймаханованың айтуынша, геология саласын дамыту бойынша Жол картасы дайындалуда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер