astana-view

Қаржылық мониторинг саналы түрдегі қажеттілік ретінде

2015 жылғы 08 Маусым
16371 просмотров

Қылмыстық ақшаны «жылыстатуға» қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы ШОБ субъектілеріне түйткіл тудырарлық нормалардан тұрады

Биылғы жылдың 27 мамырында Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» Заң жобасын бірінші оқуда (тұжырымдамалы) мақұлдады.

Заң жобасының жедел тәртіпте қаралуы назар аудартады: заң жобасының презентациясы 4 мамырда өтті де, құжат осы жылдың 27 мамырында бірінші оқуда мақұлданды, жалпы, оны осы сессия жабылғанға дейін Парламент қабылдайды деп жоспарланып отыр.

Заң жобасы көлеңкелі экономикаға қарсы тұру мақсатында қаржылық мониторинг субъектілерінің тізбесін кеңейту шараларын көздейді. Тізбеге қосымша лицензиясыз лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті жүзеге асырушы тұлғалар; ломбардтар; асыл металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асырушы тұлғалар; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін тұлғалар; төлем қабылдау жөніндегі операторлар кіргізілді.

Біздің анықтама:

«Мониторинг» термині ағылшын тілінен аударғанда қандай да бір процестің ойлаған нәтижеге немесе бастапқы болжамдарға сәйкестігін анықтау мақсатында оны үнемі бақылап отыруды білдіреді.

Экономика ғылымында «қаржы мониторингі» деп бірқатар жағдайларда елдің қаржы жүйесіндегі ақша қаражатының қозғалысын бақылау бойынша қызмет түсіндіріледі.

«Қаржы мониторингі» ұғымы қазақстандық заңнамада 2009 жылғы 28 тамызда «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қабылдануына байланысты пайда болды.

Заңның әсер ету механизмі мынадай. Қаржылық мониторинг субъектілері уәкілетті мемлекеттік органға (бұл жағдайда ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитеті) сезікті мәміле туралы ақпарат жолдайды. Уәкілетті орган өз деректер базасы бойынша талдау жүргізеді де, белгіленген уақыт кезеңінің бойында операцияға «сезікті» деген мәртебе беру туралы шешім қабылдап, осыдан соң хабарламаны Бас прокуратураға жолдайды.

Жаңа өзгертулер енгізгенге дейін банктер, биржалар, сақтандырушылар, БЖЗҚ, бағалы қағаздар нарығы, нотариустар, адвокаттар, бухгалтерлік ұйымдар, ойын бизнесі және лотерея ұйымдары, почта операторлары, микроқаржылық ұйымдар және электронды ақша жүйесінің операторлары қаржылық мониторинг субъектілері болғанын атап өту керек…

Заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысына оның басшысы, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Оспанов, заң жобасы белгілейтін талаптарды жүзеге асыру мүмкіндігін біршама егжей-тегжейлі талқылау үшін, қаржы мониторингінің ықтимал жаңа субъектілері – компаниялардың (ломбардтар, риэлторлар, зергерлік дүкендер, төлем терминалдарының иелерін және т.б. – қазірде олардың көпшілігінің қызметі арнайы заңнамамен реттелмейді және көбінесе тіркелмейтінін айту керек – атап айтқанда, риэлторлар қызметі және т.б.) уәкілетті өкілдерін арнайы шақырады.

Көптеген кәсіпкерлер оларға қаржылық мониторинг әсері мен заң жобасында көзделген талаптарды қолдана отырып, оны дайындаушы (ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитеті) олардың тәжірибеде жүзеге асырылуын қиындатып жібереді деп қауіптенуде, ал бірқатар жағдайларда бұл нормалардың тіпті орындалуы мүмкін емес.

Дайындаушы өкілдері заңнама әрекеті қолданылатын жаңа субъектілер үшін біршама қолайлы жағдайлар жасау мақсатында айтылған қауіптенулер мен аргументтерге құлақ түре отырып, қаржылық мониторинг субъектілері үшін деңгейлі шамаларды ұлғайту туралы ұсыныспен келісті. Осы шамаға жеткен жағдайда олар уәкілетті органға белгіленген тәртіпте қажет ақпаратты ұсынатын болады.

Атап айтқанда, дайындаушы келесі қолданыстағы немесе заң жобасы ұсынатын деңгейлі шамаларды көтеру туралы ұсынысты жариялады («Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес өздеріне қатысты мониторинг жүргізілетін операцияларға қарай):

  • 1-3 млн теңге аралығында (бұл санатқа ломбардтар жатады);
  • 2-5 млн тенге аралығында (оффшорлық аймақтардан, аноним тұлғадан шетелден/шетелге аударымдар/ақша түсуі);
  • 6-7 млн теңге аралығында (өтемсіз негіздегі басқа тұлға пайдасына жасалған ақша аударымдары);
  • 7-10 млн теңге аралығында (банк операциялары);
  • 150-200 млн теңге аралығында (жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша операциялар).

Аталмыш ұсыныс ресми қорытынды алу үшін белгіленген тәртіпте Үкіметтің қарауына жолданады. Сонымен бірге дайындаушы (ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің өкілдері) заң жобасында көзделген қаржылық мониторингтің жаңа субъектілеріне арналған талаптар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетінін, бұл көпшіліктің даярлық жасауына мүмкіндік беретінін баса көрсетеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер