astana-view

Бақылау-кассалық машиналар: ауыстырылмасын, модернизациялансын!

2015 жылғы 12 Маусым
18675 просмотров

Кәсіпкерлер осындай шешім ұсынды. Бұл идея Мемлекеттік табыс комитетінің басшысы Дәулет Ерғожиннің көңілінен шығып отыр.

«2015 жылғы 1 шілдеден бастап бір жыл бұрын қабылданған деректер беру функциясы бар кассалық аппараттарды қолдану қажеттігі туралы норма күшіне енеді. Бүгінде шамамен екі мың кәсіпорын осы жүйеге қосылып отыр. Уақыт жылдам өтеді, сондықтан да кәсіпкерлеріміздің де қарқын қосуын сұрағымыз келеді. Бүгінгі таңда 396 мұнай базасын, 3483 авто құю станциясын және 40 279 алкоголь өнімін сатушы салық төлеушіні (оның ішінде көтерме – 937 және бөлшек сатушы – 39 342) қосу қажет болып отыр», - деді Дәулет Ерғожин «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстелде сөз ала отырып.

Ол сонымен қатар Комитеттің барлық аумақтық департаменттерге осы жүйеге қосылуда кәсіпкерлерге қажетінше жәрдем көрсетуін, қандай да бір ықпалшара қолданбауды және тексеріске шықпауға тапсырма бергеніне сендірді.

«Бұл көбіне түсіндіру сипатында болады. БКМ болуына тексерістер бойынша негізгі бақылау іс-шараларын төртінші тоқсанға шегеріп отырмыз», - деп түсіндірді ол.

«Вайя-КА» ЖШС директоры Галина Долтес жаңа машиналарға көшу процесін жеңілдететін идеяны ортаға салды. «Деректер беру функциясы бар БКМ енгізу бойынша жоба қазір іс жүзінде кассалық машиналарды толығымен басқасына ауыстыруға бағдарланған. (...) Біз мүлдем басқа нұсқа ұсынамыз: олар ауыстырылмасын, модернизациялансын – көпшілік машиналардың амортизация мерзімі өтпегенін ескере отырып, модемі бар модуль қосылсын. Бұл БКМ пайдаланып жүрген кәсіпкерлерге ғана қатысты. Ал жаңа машиналар зауыттардан екі байланыспен түсетін болады», - деді ол. ЖШС директоры сонымен қатар «Қазақтелеком» компаниясының қарсылық білдірмейтінін айта кетті.

Ұсыныс Дәулет Ерғожиннің көңілінен шығып отыр. «Жалпы біз қарсы емеспіз. Алайда техникалық тұстарды пысықтап алу қажет, ал оған уақыт керек болады», - деп атады ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер