astana-view

Шағын және орта бизнесті жоспарлы тексеруден арашалау керек

2014 жылғы 01 Наурыз
2300 просмотров

Өткен жылы мемлекеттік қадағалау органдары 157 мыңнан астам тексеру жүргізсе, оның 128 мыңы алдын ала жоспарланған.

Бұл туралы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. Мемлекет басшысы жариялаған меморандумға сәйкес, бизнес нысандарын төтенше жағдайда ғана тексеруге рұқсат беріледі. Оның өзінде прокуратура келісім беруі тиіс. Айта кетейік, Елбасы Жарлығына сәйкес, 2014 жылдың 2 сәуірінен бастап, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес нысандарына тексеру жүргізуге мораторий жарияланды. Мемлекет басшысының тапсырамысына сәйкес, кәсіпкерлерге қатысты бірқатар шара жеңілдетілетін болады. Мәселен кәсіпкерлікті жаңа бастаған азаматқа лицензия алуда және оны тіркеуге қоюда едәуір жеңілдіктер қарастырылған.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер