astana-view

Бизнесті дамыту еліміздің әл-ауқатын арттыруға серпін береді

2014 жылғы 01 Наурыз
2421 просмотров

Елбасының кәсіпкерлік қызметтің дамуы үшін жағдайды жақсарту жөніндегі  түбегейлі шаралары іскер азматтарымызға жасалған нақты қолдау. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мәлімдеді. 

Кәсібінен нәсіп тауып отырған іскер топ өкілдері үшін  бұл  мәлімдеменің орны зор. Бүгінде елімізде 1,5 миллионнан астам фирмалар мен компаниялар тіркелген. Алайда, олардың тек 800-і ғана нақты жұмыс істейді. Енді кедергісіз кәсіпке ерекше көңіл бөлінеді. Тиісті сала мамандары егер кәсіпкерлер тарапынан қандай да бір  заңның бұзушылық болмаса, тексеруші органдар оның ісіне мүлде араласпауы тиіс екендігін жеткізді. Десе де тиісті органдар бірқатар нысандардың жіті бақылауда болатындығын алға тартты. 

Заңғар Ноғайбай, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары:
-  Атап өту керек, аталған орган мен министрлік басшылары атом энергетикасы, қару-жарақ пен есірткі айналымы, немесе ұлтқа қауіп төнген жағдайда тексеру жүргізуге рұқсат беріледі. Оның өзінде Бас прокуратура келісім беруі тиіс. 

Мейірбек Мәжитов, Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:
- Бұл мораторийді пайдаланып еркінсіп кетуге болмайды. Керісінше, осы бірегей мүмкіндікті қолдана отыра, мейлінше, қай тұрғыдан да әлеуетімізді арттырумызды көздеуіміз керек. Осыған орай, біз мемлекеттік органдармен бірлесе отыра, бірқатар түсіндіру жұмыстарын жүргізбекпіз.

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер