Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық: Ереже бойынша
«ТКШ дамыту қоры» АҚ қаражаты есебінен үйге ортақ жылу есептеу аспаптарын ортануды бағдарламалық қаржыландыруды жүзеге асыру ережесі» туралы
2013 жылы 11 қазанда өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған Мемлекет басшысының үйге ортақ жылу есептеу аспаптарын орнату мәселесі бойынша тапсырмасын орындау мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қоры» АҚ «ТКШ дамыту қоры» АҚ қаражаты есебінен үйге ортақ жылу есептеу аспаптарын орнатуды бағдарламалық қаржыландыруды жүзеге асыру ережесін» дайындады.
Аталмыш Ереже қазір Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қарауға келіп түсті (мына жерде таныса аласыз).
Ережеде табиғи монополия субъектілері үшін жылу есептеу аспаптарын жеткізушілерді іріктеу және айқындау критерийлері мен тәртібі белгіленген.
Үйге ортақ жылу есептеу аспаптарын орнатуды қайтарылма негізде, «ТКШ дамыту қоры» АҚ капиталдандыруы арқылы қаржыландырудың дайындалған механизмі мынаны болжайды:
- Үйге жылу беретін табиғи монополия субъектісі «ТКШ дамыту қоры» АҚ-ға қаржыландыруды сұрап өтініммен жүгінеді;
- «ТКШ дамыту қоры» АҚ өтінімді қарап шыққан соң, оң шешім қабылдаса, жылдық 4% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен табиғи монополиямен қаржылай лизинг шартын жасасады және шартқа сәйкес жеткізушіге алдын ала төлем жасайды;
- үйге ортақ жылу есептеу аспаптарын жеткізіп, орнатып, пайдалануға бергеннен кейін, сонымен қатар жеткізуші ақшалай кепілдемелік қамсыздандыруды ұсынғаннан кейін, «ТКШ дамыту қоры» АҚ жеткізушіге жабдық құнын төлеп береді;
- үй-жай (пәтер) иелері жасалған шарт (жария) негізінде үйге ортақ жылу есептеу аспаптары үшін табиғи монополия субъектілеріне ай сайын жарна төлеп тұрады (төлем құжатындағы жеке жол бойынша);
- табиғи монополия субъектісі үй жай (пәтер) иелерінен алынған қаражатты «ТКШ дамыту қоры» АҚ-ға аударады. Осыдан кейін олар басқа да көп пәтерлі тұрғын үйлердегі үйге ортақ жылу есептеу аспаптарын орнатуға реинвестицияланады.
Ережеге сәйкес, әлеуетті жеткізуші жылу энергиясын есептеу тораптарын жеткізуге сатылып алынатын тауарлар мен қызметтердың бекітілген техникалық спецификациясы талаптарына сәйкес келуге тиіс, сонымен қатар жеткізілетін лизинг заты нарығында кем дегенде 36 ай жұмыс өтіліне ие болуға тиіс және соңғы 36 айдағы үйге ортақ жылу есептеу аспаптарын жеткізу (орнату) туралы растайтын құжаттары болуы керек.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәспкерлер палатасы дайындаушыға сәл бұрын кем дегенде 36 ай жұмыс өтілі болуы жайлы талапты қосудың дұрыстығы жайлы сәйкес хат жолдағанын айта кету керек.
Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда мына электронды мекенжайға жірерулеріңізді сұраймыз:s.alimbayev@palata.kz.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: