astana-view

Тариф мәселесінде айқын көзқарас қажет

2017 жылғы 20 Қаңтар
9780 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Тариф жөніндегі кеңес мүшелері «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы мен тұжырымдамасын талқылады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Палатаның Тариф жөніндегі кеңес мүшелерімен бірге ҚР «Табиғи монополиялар туралы» заңының жаңадан  редакцияланған нұсқасы бойынша ортақ ұстанымды жасап шығару  үшін жиналыс өткізді. Кездесуді ашу кезінде ол заң жобасының мәтініне қатысты ҰКП-ға бизнес субьектілерінен ескертулердің көптеп түсіп жатқанын  атап өтті және қатысушыларды заң жобасын белсенді талқылауға шақырды.

Ведомоствоаралық жұмыс тобының жұмысына белсене араласқан қатысушылар көптеген ұсыныстар мен ескертпелерге қарамастан, заң жобасында тариф бекітудің тәртібі қарастырылмаған деген пікір айтты. Сонымен бірге, олар тарифті бекітудің жаңа тәсілдері мен өкілетті органның шешім қабылдауына қатысты қағидаттардың ешқайсысы қамтылмағанын атап өтті. Тариф бекітудің қосымша тәсілдері бөлігіндегі барлық баптар – декларативтік және сілтемелік болып отыр. Оның бір себебі өкілетті органның осы мәселеге қатысты қандай да бір ұстанымының болмауы, нәтижесінде тиісті әдіснама да жоқ.

Жиналысқа қатысушылардың пікірінше, заң жобасының редакцияланған нұсқасы ҚР «Табиғи монополиялар туралы» заңы қабылданған 1998 жылдан бері  табиғи монополиялар саласында туындаған  жүйелі проблемаларды шешу былай тұрсын, керісінше, оларды қиындатып отыр. Жекелей алғанда:

– заң жобасына тек Табиғи монополия субьектілері (ТМС) мүдделеріне толығымен жауап беретін ережелер енген. Олар заң жобасының тұтынушылар мен ТМС мүдделері арасындағы тепе-теңдікті сақтау туралы мақсатына сәйкес келмейді;

–  шешім қабылдауға қатысты заң деңгейіндегі шарттардың мүлдем болмауы реттеуші органның өкілеттілігін арттырып отыр, сілтемелік нормалардың бірнеше есеге артуы, сонымен бірге өкілетті органның заң аясындағы қосымша актілерінде барлық дерлік реттеуші нормалардың қабылдануы жемқорлықтың туындауына себеп болып, тариф бекіту процесінің ашықтығын төмендетеді;

–  заңға қосымша актілер негізінде реттеудің жаңа әдістерін қолдануды тек өкілетті органның көзқарасымен жүзеге асыру, оған қоса бұған дейін сәтсіздікке өңірлік энергетикалық компаниялар  қолданған салыстырмалы талдау әдісін қолдану шешімі ТМС-ті ынталандырмайды. Сонымен бірге, тұтынушылар мен ТМС-тің тарапынан жағымсыз көзқарастың туындауына себеп болады.

Сонымен бірге, заң жобасы уақытша арттыру коэффициентін ұсынумен қатар тағы да арттыру коэффицентін беруді қарастырады. Яғни, тарифті монополист бекіткен деңгейден де артық етіп көрсету.

Мұндай еркіндік табиғи монополиялар көрсететін қызметтерге еркін баға тағайындауды енгізумен тең. Ал 100%-дық монополия жағдайында оған жол бермеу керек.

Заң жобасын қарау кезінде наразылық тудырған тағы бір тұжырымдық ереже – ТМС-тің міндетті жарналары есебінен қаржыландырылатын Тұтынушылар одағын құру. Бұл ұсыныс ТМС-ке, ақыр соңында тұтынушыларға ауыртпалық салады. Бұл тұста мүдделер қақтығысы да орын алуы мүмкін: ТМС қаржыландыратын ұйымдар тұтынушылардың мүдделерін қорғай алмайтын болады.

Сонымен бірге табиғи монополияларды реттеу саласындағы өте күрделі проблемаларды шешу жолдарына қатысты ұсыныстар да айтылды. Олар:

– тарифтерді ТМС пайдалану және инвестициялық қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері негізінде бекіту;

– көпшілік тыңдалымдарды  тарифтік саясатты жүргізудің бәсекелестік форматындағы негізгі және тиімді құралына айналдыру туралы.

Отырыс барысында Кеңестің өзге де мүшелері, сонымен бірге бизнес өкілдері сөз алып, баяндама жасады. Олардың баяндамаларын тыңдаған Басқарма Төрағасының орынбасары «заң қажет, бірақ оған айтарлықтай толықтырулар енгізу керек» деген қорытынды шығарды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер