Г.Құрбанбаева: Бизнес-омбудсменге меморгандардың шешімін бұғаулайтын құқық беру қажет
Кәсіпкерлер құқығы жөніндегі уәкілетті тұлғаға мемлекеттік органдардың шешімін бұғаулайтын құқық беру қажет, деп мәлімдеді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева.
- Біз омбудсмендер тақырыбын талқылауға қайта оралған себебіміз, бүгінде Қазақстанда кәсіпкерлер құқығының қаншалықты бұзылуда екенін нақты атап-атап көрсететін уақыт жетті, - дейді ол.
Оның сөзіне қарағанда, кәсіпкерлер бұл кандидатура сайланып қойылуы тиіс деп болжауда. Ал ол білікті мамандар қатарынан сайлануы тиіс.
- Бұл мәселеге байланысты біздің өз ұсынысымыз бар, - деп атап өтті Ұлттық палата төрағасының орынбасары.
Құрбанбаеваның айтуынша, бұл жасы 30 асқан, тәжірибесі, заңгерлік білімі бар адам болуы керек және бизнес-омбудсменді кәсіпкерлердің өздері сайлуы қажет.
- Мәртебесі қандай болуына келсек– оның мемлекеттік органдардың бизнеске қатысты жекелеген шешім түрлерін бұғаулай алу мүмкіндігі заңды түрде бекітілген деңгейі болуы тиіс. Бұл құқық заң бұзушылық деректерін тіркеп қана қоймай, қандай да бір басқарушылық шешім қабылдау мүмкіндігі де. Қазір бұл сұрақ талқылану үстінде, заң әлі алда, - дейді Г.Құрбанбаева.
Оломбудсмен сайланатын алаң Үлттық палата мүшелерінің съезі болуы мүмкін екендігін де жеткізді.
- Біз Қазақстан бизнесінің барлық спектрін қамтитын Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезін көзждеп отырмыз. Бұл жұмыс барынша ашық әрі нақты жүргізілуі тиіс, - деп атап өтті Г.Құрбанбаева.
Дерекнамасы: BAQ.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: