astana-view

Астана мектепке дайындайды

2015 жылғы 17 Тамыз
- Астана қаласы
9900 просмотров

Елордалық Кәсіпкерлер палатасының ұжымы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп құрал-жабдықтарын табыстау акциясына қатысты

«Біз мектепке барамыз» қайырымдылық жобасын «Шұғыла» Қоғамдық қоры бастамалап отыр. Кәсіпкерлермен бірге қайырымды іске елордалық Кәсіпкерлер палатасының да өкілдері ат салысты. Акцияға қатысушылар бірнеше аз қамтылған отбасында болып, балаларға мектеп құралдарын табыстады.

«Балаларды мектепке дайындау – олардың отбасылық бюджетіне айтарлықтай соққы. Бірақ әрбір ана баласының мектепке жаңа сөмке арқалап, қуанышпен барғанын қалайды. Балалар тілегін жүзеге асыруға бей-жай қарай алмайтын адамдар көмегін аямайды. Олардың қатарында кәсіпкерлер де бар», - деп атады қор өкілдері.

Елордалық Палата ұжымы балаларға 11 мектеп жинағын сыйлады. Болашақ бірінші сынып оқушылары рюкзактар, дәптерлер, күнделіктер, фломастерлер, түрлі-түсті қатты қағаз және басқа да мектеп құрал-жабдықтарын алды.

«Бүгінгі таңда әлеуметтік жауапкершілік – бұл мемлекет, бизнес және ҮЕҰ әрекеттестігінің жаңа әрі тиімді үлгісі. Мұқтаж жандарға көмек қолын соза отырып, әркім де мемлекет дамуына өз үлесін қосады. Бүгінде кәсіпкерлердің мұндай жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып жүргені көңіл қуантады», - деп есептейді елордалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер