astana-view

Ақтөбелік бизнесмендер Елбасының ШОБ-ды тексеруге мораторий жариялағанына қуанышты

2014 жылғы 01 Наурыз
2385 просмотров

Ақтөбелік бизнесмендер Елбасының шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялағанына қуанышты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Осындай шектеудің қабылданғанын көптен күткен едік. Себебі, көп жағдайда тексерулер кәсіпкерлердің ісіне кедергі келтіретін-ді. Жыл сайын тіпті құзырлы органдар тарапынан жоспар бойынша да, жоспардан тыс та қадағалаулар көбейіп кетті. Ақтөбе облысының өзінде бір жыл ішінде 9609 тексеру болды. Мысалы, 2012 жылы өңірдегі сәулет және құрылысты қадағалау департаменті не бары 125 тексеру жүргізсе, келер жылы мұның саны 609-ға жетті. Ең қызығы, бұл тексерулердің ешбірінде заңсыздықтар анықталмады. Олай болса, осындай тексерулердің еш қажеті жоқ», - дейді Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлер палатасының директоры Төлеміс Шотанов. 

Бұл өңірде шағын және орта бизнеске өткен жылы 5434 жоспарлы, 4175 жоспардан тыс тексеру жүргізген. 40 мың кәсіпкер әкімшілік жазаға тартылып, 195 миллион теңге айыппұл салынған. Санитарлық қадағалау департаментінің өзі 5113 рет тексеруге шыққан.

Дерекнамасы: BNews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер