astana-view

Біз бейбіт күнгі жарылысты қолдаймыз

2015 жылғы 27 Тамыз
10477 просмотров

Қазақстандық жарылғыш заттар өндірісін дамыту үшін не істеу керек? «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында осы мәселе талқыланды

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында жарылғыш материалдарды лицензиялаумен және Кеден одағы Техникалық реттемесі талаптарына сәйкес келетін жарылғыш заттардың сертификатталған зертханаларын құрумен байланысты түйткілдерді талқылау төңірегінде жиналыс өтті.

Жиналыс «Қазақстандық химия өнеркәсібі одағы» ЗТБ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, жарылғыш заттарды өндірушілер мен тұтынушылар компаниялары қатысуымен өтті.

Қазақстандық химия өнеркәсібі одағының атқарушы директоры Нұрлан Алдияров жарылғыш заттарды лицензиялау саласындағы әрекеттегі заңнаманың жетілмегендігі жайлы сөз қозғады. Аталмыш мәселе бойынша отандық өндірушілер де, жарылғыш заттарды тұтынушы компаниялар өкілдері де сөз алды.

Кеден одағы Техникалық реттемелерінің талаптарына сәйкес келетін жарылғыш заттардың сертификатталған зертханаларын құру мәселесі бойынша Қазақстандағы Жарылыс ісі өкілдері қауымдастығының президенті Дмитрий Масягин сөз сөйледі. Ол Қазақстанда жарылғыш заттардың екі сертификатталған зертханасы бар екені жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар сынақтың сәйкестігін растау жөніндегі органның жоқтығымен байланысты түйткіл де жоқ емес.

Пікірталас барысында «Ұлттық өнеркәсіптік қауіпсіздік ғылыми-техникалық орталығы» АҚ бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Виктор Веснин сертификатталған зертханалар мен жарылғыш заттардың сәйкестігін растау органдарын құру кезіндегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін енгізу мәселесін қарау қажеттігі жайлы ұсынысын жеткізді.

Жиналыс қорытындысы бойынша Қазақстандық химия өнеркәсібі одағының «Ұлттық өнеркәсіптік қауіпсіздік ғылыми-техникалық орталығы» АҚ және мүдделі кәсіпорындармен бірге қажет қаржы-экономикалық есептеулер даярлаумен сертификатталған зертханалар және сәйкестікті растау органдарын құру мүмкіндігіне егжей-тегжейлі талдау жүргізетіні жайлы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер